Шынайы махаббат белгілері

Oinet.kz 05-10-2020 852

Жалған махаббат жайында көпшілік білуі мүмкін. Ол жайында аз айтылып жатқан жоқ. Шынында нағыз махаббат қандай болады? Көптеген адамдар махаббаттың анықтамасы жоқ, ол – әте нәзік сезім деп жатады. Дегенмен, тәжірибелі мамандар махаббатқа да анықтама беріп, нағыз махаббаттың белгілерін атап көрсетеді. Оның үстіне, нағыз махаббаттың белгілері сіздің болашақта қателеспеуіңізге көмектеседі. Себебі, бұл қатаң заңдылық, сіз осы белгілер арқылы міндетті түрде нағыз махаббатты жалған сезімнен ажырата аласыз!

Махаббат сезімін әрбір адам терең генетикалық деңгейде сезіне алады. Бұл болашақ ананың болашақ баласына деген сезіміне ұқсас. Адам шынайы махаббаттың алғашқы кезеңінде оны бақылай алмайды. Бұл нағыз махаббаттың бірінші және басты белгілерінің бірі. Төменде сіздерге нағыз махаббаттың маңызды анықтамалары мен белгілерін ұсынып отырмыз.

Шынайы махаббаттың алғашқы белгісі – өзара қорғаныш

Бұл термин биологиялық тілде «бір-бірін толықтырып тұратын құрамдардың өзара байланысы» деген ұғымды білдіреді. Кейде мұны бір- біріне сәйкес келу, тартылыс, жақындық және қауымдастық деген түсінікте қабылдауға болады. Сондықтан, бір сөздің өзіне жиырмадан астам анықтама беруге болады. Мұнсыз шынайы махаббаттың болуы да мүмкін емес. Олай болмаған жағдайда бұл сөз «менікі» – «бөтен» деген деңгейде ғана қабылданатын еді. Сүйікті адам – бұл өзіңнің жаныңа өте жақын туған адамың. Кіммен бірге болып, кіммен бірге өзіңді керемет, жеңіл, еркін және табиғи сезінсең, кім сенің назарыңды алып, әртүрлі іс-әрекеттерге баруға мәжбүр етсе, демек ол сенің ең сүйікті адамыңа айналған деген сөз. Мысалы, кез-келген адам өзінің туысқандарының ортасында ашық сөйлесіп, ішкі құпияларын ешкімнен жасырмай еркін айта алады. Бұл өте ғажайып нәрсе, себебі ашықтық пен шынайылық адамдардың бір-біріне деген ішкі терең сезімдерін көрсетеді. Нәтижесінде адамдар арасында ұқсас көзқарас қалыптасып, өзара бірігуге ұмтылады. Бірақ, өкінішке орай, мұңдай керемет мінез бізге қарама-қарсы жағымен көбірек әсер етеді. Ашықтық адамдарды осал етеді, яғни жаман ойға барып, күдіктенуден сақтайды. Сондықтан да біз туған адамдарымызбен әңгімелескенде кейбір дөрекі қылықтар жасап, ұялмаймыз. Кейде ойламаған жерден оларды ренжітіп, өзіміздің ашуымызға ерік береміз. Сенің жаныңда саған өте жақын сүйікті адамың жаралағандай ешкім жаралай алмайды. Неге осылай болды? Мүмкін бізге тәрбие, адамгершілік және ұстамдылық секілді адами қасиеттер жетіспейтін шығар? Айналаңызға адамдарға қараңызшы! Біз кез-келген жерде бір-біріміздің жанымызды сөзбен және көзбен жаралаймыз. Кейде сынға алып, кемшіліктерін бетіне басамыз. Өйткені, көп жағдайларда біз өзіміздің жақын адамдарымызды әлсіз адам ретінде қабылдаймыз. Себебі, біз олардың барлық құпияларын, әлсіз және күшті жерлерін, кемшіліктері мен ішкі сырларын жақсы білеміз. Бізге жақын адамның терең құпияларын дұрыс сақтай алмау мен ашықтықты бағаламау нәтижесіңде өмірдегі осындай ғажайып сезімнен құр қаламыз. Адам өзінің сүйіктісіне деген сезімін махаббат тілінде жеткізу үшін көбінесе сөз таппай жатады. Бірақ, оған байланысты анықтамалар, күмәндер, әртүрлі жымысқы ойлар мен күдіктерді ойлап тауып, қорғансыз ғашығымыздың санасына қажетсіз ойларды сіңіруге тырысамыз. Біздің ойымызша, сүйіктіміз біздің кез-келген қателігімізді кешіре біледі. Кешіреді. Кешіруге тиісті. Ол ғажайып романтикалық фильм көргенге дейін сенің барлық ерсі қылықтарыңа көз жұма қарайды. Бірақ фильмдегі керемет махаббат жұптарын көріп, сондай сезімге берілгісі келеді. Оларға қызғанышпен қарай бастады. Дегенмен ол басқа адаммен жаңадан қатынас орнатқанда бұрынғыға қарағанда мұқият болады және сезімге толығымен ерік бермейді. Нәтижесінде осы жағдайдан кім не ұтты? Сондықтан, жанымызға жақын сүйіктімізге дөрекі сөз айтпас бұрын әрбір сөзімізді алдын-ала мұқият ойластырып, жанын жараламауға ұмтылғанымыз абзал. Өз махаббатымызды осындай қиыншылықтармен бетпе-бет әкелу біз үшін қаншалықты тиімді…

Бағынудың болмауы, бостандық

Сіз, бәлкім, осыған дейін естігенде боларсыз.Ғашық жандардың біреуі қатты жақсы көреді, ал екіншісі өзін бағалата біледі.Біреу үстемдікке ие болып, ал екіншісі оған бағынады.Қысқаша айтқанда, біреуі жоғары, екіншісі төмен.Бірі бастық болса, ал екіншісі қызметкер.Бірақ, шынайы махаббат мұны құлдық немесе бағынушылық ретінде қабылдамайды, яғни мұндай іс- әрекетті кез-келген нағыз махаббат иелері өз еркімен орындай береді. Өте нәзік психологиялық махаббат оқиғаларын тарихтың сансыз парақтарынан табуға болады.Қазіргі таңда да солай: ешкім шынайы махаббат пен ессіз ғашықтықты құлдық деп санамайды.Бізге мұның бәрі табиғи көрініп, біз осы сезімнен өз өмірімізге қуаныш, ғашық болған адам үшін құрбан болу, оның бұйрықтарын, кеңестері мен ескертулерін орындауға деген ұмтылыс аламыз.Жалпы адам баласының табиғаты өзінің өмірлік жартысының бұйырығын орындауға дайын тұрады.Өйткені, біздің ойымызша, сүйікті адамымыздың бізге бұйрық беруін оның бізге деген немқұрайлы еместігі деп түсінеміз.Тура шынайы ғажайып ісі.Бұл шынында дұрыс іс пе? Осы мәселе төңірегінде қаншама адам бас қатырып, қаншама адам зардап шекті.Қаншама махаббат кемесі қиыншылық теңізіне батып, қаншама ғашық адам махаббат құрбанына айналды.Көрінбейтін, бірақ мықты перделермен психикалық шабуылдардан құралған махаббаттың қадіріне біреуі жеткенмен, біреуі жетпейді.Көпшілік жұптар өзара келісімге келе алмау нәтижесінде ажырасып кетіп жатады.Айта кетерлік жайт, міндетті шынайылық пен адалдық идеясы да шынайы махаббатқа тән анықтамаларға жатады.Мұның бәрі үстемдік ету, иелік жасау және бағыну секілді түсініктерден келіп шығады.Барлық анықтамалар мен ұғымдар адамның өзіндік «МЕН-ін» қанаттандыра түседі.Керісінше, екінші адам өзінің кез-келген іс-әрекетінде еркін болады.Махаббат түсінігі оның ойынша ойына келген нәрсені істеу деген ұғымда қабылданады.

Шынайы махаббаттың үшінші белгісі – эмпатия

Кешірім жасау, жол беру, соған сәйкес икемделу, өзара бірлесіп әрекет ету, өзінен жоғары нәрсеге құрметпен қарау.Эмпатия бұл өзіңді басқа бір адамның орнына қойып көру, сол адамның қайғысымен бөлісу. Бұл ғашық адамдардың бір-біріне селқос еместігін білдіреді.Мұндай кезде адамдар бірін-бірі қандай болса, сондай күйінде түсінеді және қабылдайды.Иә, біз оған ашулана аламыз, өзара әртүрлі көзқарасқа ие боламыз, әртүрлі достарымыз болып, әртүрлі тамақтар жеп, әртүрлі кітаптар оқимыз және көретін фильмдеріміз де әр түрлі жанрда,т.б.

Солай бола тұрса да, біз бір-бірімізге бейжай қарамай, оның жұмысын, сүйікті кітаптарын, достары мен көзқарасын өзіміздікі секілді қабылдауға тырысамыз.Махаббат ұғымы «ортақ» деген түсінікке қарағанда «жеке» деген түсінікке жеңіл әрі тез икемделеді.Шынайы макхаббат нәтижесінде кез-келген адам бөлісу, қабылдау, түсінісу, сезіну, қатысу секілді істерді атқаруға ұмтылады.Бұл дегенің – қандайда бір дәрежеде басқа адамның орнында болып, толығымен сол адамның көзқарасымен өмір сүру деген сөз. Бірақ мұндай жағдай тек өзара іс-әрекет, түсіністікпен уайымдау т.б. сезімдер арқылы ғана жүзеге асырылады.Біз қаншалықты бостандық идеясымен айналыспасақ та, бірақ махаббат бұл екі адам арасындағы өзара түсіністік пен байланыс сезімі.Демек, шынайы махаббат өзара қатысу мен бейімделуді талап етеді.Есте сақтайтын нәрсе: жастарға ең қажетті нәрсе бұл махаббат тақырыбындағы ақыл-кеңестер. Кез-келген балалық шақтан естіп жүрген дұрыс кеңестер бақытты отбасын құруға ықпал жасауы керек. Мұның бәрі эпидемиямен тығыз байланысты.Немесе мұны қарама-қарсы жақтың артықшылығын мойындау ретінде де түсінуге болады.Қанша дегенмен де біз өзара қорғаныш ұғымын әртүрлі қабылдаймыз.Бізге қатысты әртүрлі жағдайларға әбден қалыптасып үлгергенше ұзақ уақыт кететіні сөзсіз.Сондықтан өзімізге қымбат адам үшін көп нәрсені құрбан етуге дейін барамыз.Бұл үрдіс екіжақты қатысуды талап етеді.Шынайы махаббат өзара байланысты болады, олар бір-бірінен еш нәрсе талап етпейді.

Шынайы махаббаттың төртінші белгісі – тереңдік

Көпшілік шынайы махаббатты «ең күшті сезімге» теңейді.Ғашықтық.Ол өте албырт, жанды жаралайтын азапты, жалынды болады: «Егер сүйіктіңмен әрбір кездесуді мереке секілді күтіп, шыдамсыздықтан жарылып кетердей болсаң, оны көруге соншалықты асықсаң, бұл дегенің нағыз шынайы махаббат емес пе? Махаббат! Ол өзінің дамуының алғашқы сатысында-ақ адам бойындағы ең нәзік те ең терең сезімге айналып үлгереді. Ол сабынның көпіршігі секілді жарылып кетуі мүмкін.Одан кейде ешқандай белгі де қалмауы мүмкін.Махаббат өз дамуының келесі сатысында алғашқыдай тез күйреп кетеді.Өйткені, бұл кезеңде махаббат сезімі адамның жүрегінен терең орын алады.Сондықтан, осы кезең Аралығында макхаббат сезімі адам жанын барынша жаралап, барынша қуанышқа бөлейді.Кейбір әйелдер өздерінің шынайы сезімдерін жүрек түбінде өмір бойы сақтайды.Олардың ғашық жүректерін бірден байқауға болады. Олардың төбесінде қорғаушы періштелер жүрген секілді.Мұндай әйелдер байсалды әрі өздеріне нық сенімді.Олар өмірден ләззат ала біледі, себебі олардың жүрегінде махаббат сезімдері бар.Шынайы сезім ғана адамды сыртқы қауіп-қатерден сақтап жүреді.

Кейбіреулердің айтуынша, өз махаббатына сенімді әйелдер алыстан білініп тұрады екен.Шынында да, кейбір адамдар күніне қанша рет оргазм алса да, махаббат сезімін сезінбей, жүрек түбінде қанағаттанбаушылық пайда болады. Не үшін шынайы сезім адамды жалықтырғандай көрінеді?Кейде өте тыныш әрі қызықсыз көрінеді..

Осындай жағдайлар көбінесе адамдарды тығырыққа тіреп, шынайы махаббатты сезінуден аластатады.Олардың пікірі бойынша, махаббат бұл көріпкелдің күйіп, әлемнің күл-талқаны болуы.Мұндай кезде «адамдардың құмарлықтан естері танып, толқудан жүректері тоқтап қалады» деп түсіндіреді.Әрине, мұның да шындыққа қатысы бар .Ережеге сәйкес, тек кейбір жақтарын дұрыс қабылдауға болады. Қанекей, махаббатты теңізбен салыстырып көрейікші.Теңіздің үстінде құйын, шу, ысқырық, шалғынның шуылы, т.б. дыбыстар, ал теңіздің терең түбінде тыныштық, тек теңіз балдырлары су иірімімен бірге баяу ғана қозғалады, кейде терең су балықтары белгісіз бағытқа қарай жүзеді. Теңіздің ең басты байлығы сол жерде, яғни теңіздің ең терең түбінде орналасқан…. Махаббат сезімі де солай.


Келінім ауру
Ұлылардан қалған ұлы сөз…
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу