«Жігіттер» жаңа жинақтарын шығармақ.

Oinet.kz 02-03-2019 1434


Screenshot_6.jpg

«Жігіттер» тобы жақын арада көпшіліктің назарына қатарынан екі ән жинағын ұсынбақ.  Продюсер Ерғали Әбдірайымов жетекшілік ететін бұл топтың әндеріне деген сұраныс жоғары. Сондықтан болар, үнтаспаларды шығаруға «Меломан» компаниясы  қызығушылық танытып, бірлескен түрде жұмыс жасалды. 

Қос жинақтың таныстырылым салтанатты түрде өткізілмек, онда «Жігіттер» жанды дауыспен ән шырқайды де күтілуде. Бірінші альбомның атауы «Балқадиша». Оған вальс ырғағындағы 16 шығарма  енгізілген екен. Ал «Туған жер» атты үнтаспа жинағына ел арасында кең таралған жылдам орындалатын 16 ән топталған. Сондай-ақ, продюсер Әбдірайымовтың сөзіне сенсек, іс-шараға келген қонақтарды көптеген тосын жаңалықтар күтіп тұр. Солардың алғашқысы қазірден-ақ белгілі. «Жігіттер»  продюсерлік орталығының PR-менеджері Маржан Сәдуақасова мәлімдегендей, тұсаукесер рәсіміне топтың бұрынғы мүшесі Еркін Нұржанов міндетті түрде қатысатынын жеткізді. Жасыратыны жоқ, көпшілік үшін бұл күтпеген хабар болды. 

Сонау 2003 жылы құрылған «Жігіттер» тобы бұған дейін «Ерке қыз» және «Бақытты бол» атты екі ән жинағын  шығарып үлгерген. Алғашқы кезде «Арай» республикалық байқауына қатысып танылған квартет  көп ұзамай Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалінде топ жарып, бас жүлдегер атанды. Міне, содан бері «Жігіттердің» жұлдызы жарқырап, отандық эстраданың ең танымал шығармашылық ұжымдардың біріне айналды. Әсіресе «Ерке қыз» әні айрықша сүйіспеншілікке ие болып, оған түсірілген бейнебаян телеарналар арқылы еліміздің ұлтты тоқтаусыз көрсетіліп, ән шерулерде үнемі  жоғарғы қатардан орын алып жүрді. Талантты әншілер гастрольды сапармен республиканың түкпір-түкпірін аралаумен шектелместен, Қытай, Моңғолия елдерінде де концерт қойып, жергілікті тыңдармандардың ықыласына бөленді. Қазіргі таңда топтың репертуарында 60-қа жуық ән, 8 бейнебаян бар. 

Продюсер Ерғали Әбдірайымовтың жетекшілігінде «Жігіттерден» басқа да әншілер мен топтар өнер көрсетуде.  Продюсерлік орталықпен бірлесіп жұмыс істейтін  Асқар Жүнісбеков, «Жалын» тобы, Болат Досыбаев секілді өнерлі жастардің есімдері көпшілікке таныс. 

Мұрағаттан: 17.11.2011


Отырар кітапханасы
Еліне еркелеген Ералхан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу