Терме орындаған Бүркіт елді таңғалдырды
Қазақ эстрадасының жұлдызы Бүркіт терме орындап көпшілікті таңқалдырды деп хабарлайды oinet.kz тілшісі. Әнші Instagram әлеуметтік желісінде терме орындап отырған видеосын жүктеген.
Үкілі домбырамен "Үш ағайынды" термесін тебіреніп орындаған Бүркіттің өнеріне желі қолданушылары жоғары баға берді.
"Бүркіт, сен эстрадада адасып жүрсің бе деп қалдым. Не деген дауыс мынау. Эстрада сенің дауысыңды бұғады", "Терме айтқан жарасады" деген пікір қалдырған оқырмандар шоу-бизнес өкіліне қазақы нақыштағы әндерді жиі айтып тұруға кеңес берді.