Бірінші арнаның операторы Димашты «ешкі» деп атады

Oinet.kz 03-04-2019 2112

Screenshot_1.jpg

Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары Бірінші арнаның операторы әншіні "ешкі" деп айтқанын жарыса жазуда. Желіде тараған "Не? Қайда? Қашан?" бағдарламасының түсірілім кезіндегі кадрдан олар әртіске айтылған сөзді естіп қалған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Димаш шоудың музыкалық үзіліс кезінде Mademoiselle Hyde туындысын орындаған. Әртістің әнін роялда Игорь Крутой сүйемелдеді. 

Кадрдан оператор мен режиссердің сөйлескенін байқауға болады. Жұмыс кезінде түсірілім қызметкері "Мына ешкінің оған көлеңкесі түсіп тұр" (Темнит этот козёл на него — ред.) деп айтты. Бұл тіркесті видеоның 35 секундынан естуге болады.

Тыңдармандар Крутойға түскен көлеңкеге байланысты "ешкі" сөзі Димашқа қарата айтылды деген шешімге келді деп жазады басылым.

Бейнежазбаны көрген желідегілер пікірін қарша боратты.

"Барлығы керемет, әрине. Алайда Димашты ешкіге теңеу – сорақылық. Өтініш, қызметкерлеріңізді дұрыстап тәрбиелеңіздер", "Кімді ешкіге теңеп тұр? Әрине Димашты. Ресми түрде кешірім сұрасын", - деп жазуда олар.

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg

«Гауһар кінәлі емес»: Әлімбекованың ісі бойынша сотталған әйел өз кінәсін мойындады
Келесі жылдан бастап кей дәрігерлер 55 жастан зейнетке шығу мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу