Динара мен Дариғаның байлығы көбейген
17-05-2023
Бақытын байлықпен өлшейтін адамдар көп кездеседі. Сондай адамдардың бірі – Эллен Уолш. Кейіпкеріміз байлыққа өмірін арнағаны аздай, 24 жыл бойы қонақ үй бөлмесінен шығуға қорыққан...
Танымал кәсіпкер Бенджамин Вуд бір күні жұмбақ бейтаныс адамнан хат алды. Хатта ол әдемі және ақылды, сонымен қатар ақсүйектер шыққан - қант плантациясы мен графтық иесінің қызы екенін мәлімдейді. Хат мазмұнында бейтаныс Бенджаминмен кездескісі келетінін жеткізеді. Осы кездесуден соң кәсіпкердің бар байлығын болашақта кім иеленері айшықтала түскендей еді.
Бенжаминнен 17 жас кіші қыздың отбасы кедей, ирландиялық иммигранттар еді. Эллен Уолш есімді қыз бала кезден қамсыз тіршілік кешкенді армандады. Сол арманының негізіннде газеттен Бенджамин Вуд есімді азаматты танып, онымен танысудың жолдарын қарастырады. Қыздың жоспары іске асса, қымбат киім, бағалы әшекей және керемет адамдармен қатынас күтіп тұрды. Иә, мұның бәрі Эллен үшін асқақ арман еді.
Бенджамин New York Daily News газетінің баспагері болды.Әрі Конгресстің үш дүркін мүшесі және Нью - Йорк Сенатының екі дүркін мүшесі . Яғни, Нью - Йорк қоғамының элиталық деңгейіндегі адам еді.
Ида деп есімін өзгерткен кейіпкеріміз Вудпен 10 жыл заңсыз байланыста болды. Бенджаминнің заңды некесіндегі жары қаза тапқан соң, кейіпкеріміз кәсіпкерге тиеслі байлық пен биліктің барлығын иемденді. Бенджамин құмарпаз адам еді. Ида, оны табысымен бөлісіп отыруға келісіп, барлық кіріс пен шығыс есебін жүргізді. Кәсіпкердің тәуекелшілдігі соншалық, New York Daily News баспаханасын ұтысқа тігіп жіберген кезі болған. Бенджамин 1900 жылы қайтыс болғанда, еш мәселе туындаған жоқ. Эллен Уолш сол кездің өзінде кәсіпкердің бар дүниесіне иелік ететін.
Тіпті газетті бірнеше жыл өзі шығаруға тырысты. Дегенмен газетті 1901 жылы 250 000 доллардан жоғары шамамен 300 000 долларға сатты.
1907 жылы ол шамамен 1 миллион доллар алып, банктік шотын жапты. Содан кейін Ида, оның әпкесі Мэри және қызы Эмма «Herald Square» қонақ үйінде 552 нөмірлі екі бөлмені алып сыртқы тіршілікпен байланысын үзді. Олар көптеген жылдар бойы адамдармен, тіпті қонақ үй қызметкерлерімен аз байланысты. Бөлменің ішін тазалауға қызметшілерге рұқсат бермейтін.
Алғаш 1932 жылы бөлменің есіктері ашылды. 93 жастағы Эллен денсаулығына байланысты көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Кейіннен әйелдердің бірі қайтыс болғаны белгілі болды. Тергеу барысында қаза тапқан әйелдің 1928 жылы жаны үзілгені білгілі болды. Ида тұрған бөлменің қоқыс жәшігінің астынан жарты миллион доллар тұратын зергерлік бұйымдар мен қораптар табылды. Кедейліктен қорыққан Эллен қалай ақшалардың қарауылына айналғанын ұқпай да қалды.
Сонша байлығы бола тұра әйелдер жұмыртқа, крекер, бекон және кофені қорек етті. Ида газет, сигара және косметикалық вазелинді көп мөлшерде алдыратын болған.
Эллен Уолш өзі қалағандай бай болды. Тіпті өзі қаламаған формада танымал болды. Бірақ мұның бәрі оған қымбатқы түсті.
Суреттер ашық дереккөзден алынды