Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовке қалай тұрмысқа шыққанын айтып берді

Oinet.kz 21-01-2019 6078

Асанәлі Әшімовтің өзінен 33 жас кіші әйелі Бағдат Әшімова халық әртісіне неліктен тұрмысқа шығуға шешім қабылдағанын айтты. Актермен ауруханада танысқан жұбайы "Қазақстан" арнасының "Тұлға" бағдарламасында көзіне жас алды.

Asanali-zhane-Bagdat-Ashimovter.jpg

"Есімде, су алып шығайын деп төменге түсіп кеткенмін. Мен көтеріліп келе жатқанда, кереуеттің ернеуін ұрып, "Әттең, балаларым! Мені неге жалғыз тастап кеттіңдер" деген дауысты естідім. Сол сәттен бастап, мен өзіме "Бір минут жалғыз қалдырмауға" серт еттім.⠀

Әрине, жүректегі жара жазылмайды ғой. Бірақ, сол жараның ашылып кетпеуі үшін қызмет етемін", - деп көзіне жас алды Бағдат Әшімова.

Отбасының үш бірдей мүшесінен айырылған Асанәлі Әшімов 2002 жылы ауруханаға түскен. Осы уақытта актер қазіргі жарын кездестірген.

"Сонда қатты толғаныстың үстінде "Әттең, алаштың азаматы, елдің еркесінің басына осы ауыртпалықтың түскенін-ай! Бір бала жанында болғанында ғой. Менің қолымнан келсе, "осы кісіні бақытты етер едім" деп өзімше қиялдадым", - дейді Әшімовтің жары.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов пен Бағдат ханымның бүгінде 11 жастан асқан ұлы бар. Актердің ұлының есімі де - Асанәлі.

Неге қазақтар ағашқа шүберек байлаған?
Дінмұхаммед Қонаев пара алған ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу