Шарасыздық шырмауына шатылғандар
Бізде тұрмыстық зорлық қалыптылық саналып кеткендей. Көшеде ері әйеліне күш көрсетсе үнсіз қаламыз. Біздің үнсіздігіміздің жәбірленуші әйелге теріс әсері бар деп те ойламаймыз.
"Сұлу мен құбыжық" мультфильмінен кадр
Стокгольм синдромы – тұтқынның басқыншыға симпатия, тіпті аяныш сезімін білдіруін сипаттайтын психологиялық феномен. Талықсу, есеңгіреу әсерінен тұтқындар кепілге алушылардың іс-әрекеттерін ақтай бастайды, олардың идеяларын қабылдай отырып, өздерін басқыншылармен теңдестіруге дейін барады.
Стокгольм синдромы – психологиялық жағдайдың бір түрі. Мысалы кепілдікке алынған адам қылмескердің жағдайын ұғуға тырысып, көмек бергісі келетін жағдайды айтады. Стокгольм синдромы кепілдікке алынған адамдардың саны артқан сайын эффективті бола түседі.
«Стокгольм синдромы» әдетте «кепілдік синдромы» деп түсініледі. Күнделікті өмірде де көрінеді.Мысалы күнделікті өмірде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел адамдар көбінесе күйеулерінің әрекетін жари етпейді. «Әр үйдің сырры басқа» ұғымына салып, ішкі күйін бүгіп қалады. Балалар үшін, елдің сөзі үшін тиранмен бірге өмір кешуге көндігеді.
Стокгольм синдромы қайдан шыққан?
Стокгольм. 27 тамыз. Тұтқындағы 4-күн.
Стокгольмде «Кредитбанкке» 1973 жылдың 23 тамыз таңында автоматппен тонаушылар басып кіреді. Екі қылмыскер банкты тонау кезінде төрт еркек пен үш әйелді тұтқынға алады. Бұл терминді алғаш кепілге алынғандармен жұмыс кезіндегі жағдайды талдауда криминалист Нильс Биджерот қолданды. Тонаушылар алты күн бойы тұтқындарыныың өмірлеріне қауіп төндірді. Қылмыскерлер кепілдеріне азырақ көңіл бөліп тұрды. Бұл жағдаят бес күн бойы жалғасады. Кепілге алынғандар құтқарылады. Бар қызық енді басталады. Жәбірленушілер қылмыскерлерге қолдау көрсетеді. Оларды құтқаруға келген полиция қызметкерлеріне оларды ұстауға жол бермеді. Кейінірек, қақтығыс қауіпсіз түрде шешіліп, қылмыскерлер түрмеге тоғытылады. Кепілде болғандар қылмыскерлерге рақымшылық сұрай бастады. Бір қызығы, тұтқында болған әйел қылмыскермен түрмеде некесін қидырады. Психологтар бұл факторға тіптен таңданды.
Стокгольм синдромы психиатриялық аурулардың халықаралық жіктемесіне кірмейді. Құрбандар 1973 жылдан бастап азаптаушыларға жанашырлық танытқан қалыптан тыс жағдайлар бірнеше рет байқалды.
Құрсаудан бостандыққа дейін
Наташа Кампуш тұтқында болған бөлме.
Наташа Капмуштың тауқыметі – балаларды ұрлаудың ең танымал оқиғаларының бірі. Тұтқында болған қорқынышты жылдардағы оқиғалар көптеген кітаптар мен фильмдердің, соның ішінде сенсациялық "3096"киножобасының негізін қалады. Наташаның өмірі 10 жасына дейін қалыпты бояумен түрленді. Австриялық бүлдіршіннің одан кейінгі өмір жолы қалыптан тыс бұрылысқа тап келді.
Наташа Кампуш 1998 жылы 2 наурызда мектепке кеткеннен үйіне оралмады. Наташаның анасы іздеу салғанда, белгісіз ер адамның ақ фургонға отырғызғанын көрген екі куәгер табылды. Бұл ақпарат тергеу жұмыстарына көмек бере алмады. Полиция 500-ден астам күдіктіден жауап алды. Күдіктілердің арасында шынайы қылмыскер де болған. Дәйекті дәлел болмауы салдарынан нақты қылмысқа қатысты адамды айыру мүмкін болмаған. Қызды ұрлаушы ретінде оған деген қатаң қатынасы үшін анасы да айыпталған. Наташаның нағыз ұрлаушысы Вольфганг Приклопил еді. Қылмыскер қызды мектепке барар жолда ұрлап алып кеткен. Үйінің бункерлік бөлмесіне бүлдіршінді қамап тастайды. Бұл кішкентай бөлмеде Кампуш сегіз жылдан астам уақыт тұтқында болды. Алғашқы жылдары "камерасынан" шығуға да құқылы емес еді. Төрт қабырғада Прикопильден қорлық көріп күнін өткізетін. Маньяк Наташаға кейінірек серуендеуге рұқсат берген. Бірнеше жылдан кейін ол тіпті Венадағы тау шаңғысы курортына қызды ертіп барады. Бірақ қыздың бостандыққа қашып кету мүмкіндігі болмады.
Босатылғаннан кейін Кампуш маньякта тұтқында болған тұрмысы жайлы: Мен кепедегі тауықтай едім. Барлығын көргенмен , сырттағылар байқамайтын. Ол сәт нағыз үмітсіздік құрсауында едім.
Тек 2006 жылы23 тамызда Наташадан қашып кетуге мүмкіндік туды. Приклопиль тұтқынына көлігін тазартуды тапсырады. Кампуш автокөлік салонындағы шаңнан тазартуға шаңсорғышты қосып қояды. Бақ болар, Вольфганг телефонда тілдесіп жатады. Наташа шаңсорғышты қосулы күйде қалдырып, жүгіре береді. Көршілес бірнеше жер тілімінен өтеді. Инга есімді 71 жастағы көршісі қызды үйіне кіргізіп құтқарады. Ізінше полицияны шақырды. Наташаның жеке тұлғасы анықталған соң, қылмыскер іздестірілді. Вольфганг Приклопил ол сәтте өзіне қол жұмсап қойған еді. Ортасына сыйлы, жауапкершілігі жоғары азаматтың не үшін бұлай әрекет еткені жұмбақ болды. Наташа естеліктерінде Вольфгангтың әркез өзін қылмыскер деп тапса, өлім жазасына кесетінін айтумен болған.
Босатылған Наташаның дене тұрқы қалыпты еді. Жоғалғанға дейін 45 келі болған қыз сонша жылда небәрі 3 келі салмақ арттырған. Наташаның денесінде табылған сәтінде соққыдан қалған жеңіл жарақат іздері болған. Психологтармен жұмыста жасына сай ой кеңістігін таныта білген.
Өкініштісі – қыз қылмыскерді ақтап алуға көп тырысқан. Айғақтарды шатастырып, қылмыскерді қорғамаққа ұмтылып жанашырлық танытады. Наташадан Стокгольм синдромы анықталады. Яғни қиын сәтте қасында болған қылмыскерді ақтап алуға жаны жомарттық танытады. Наташа журналистерге сұқбатында ешқашан жеке сезімдерін айтқысы келмейді. Тұтқындағы кезеңіндегі интимдік әрекеттер жайлы тіс жармайды. Наташа тұтқын болған сәті арқылы өмірінде кейбір қадамдарды жасамадым деп өкінген емес. Прикопильдің өлімін естігенде көзіне жас алып, жылаған. Наташа қазірде сурет салумен шұғылданады. Қайырымдылыққа қаржы жұмсайды. Тіпті Natascha Kampusch trifft шоуын жүргізеді. Өзін тұтқында ұстаған үйді 2016 жылы сатып алды. Мамандар кейіпкеріміздің психикалық жарақатты жеңу үшін бұл қадамға баруын орынды деп тапты.
Санаға түскен сәуле
Джейси Ли Дюгард бұрын. Қазір.
Бұл синдроммен ауыратын адамдар қылмыскерді түсінуге тырысады. Жәбірлеушіге құтқарушылар қабылдаған шаралар зиян келтіруі мүмкін екенін жиі түсінеді.
11 жастағы Джейси Ли Дугард мектеп автобусының аялдамасына барар жолда ұрланған. Филип Гарридо мен оның әйелі Ненси қызды 18 жыл бойы тұтқында ұстайды. Джейси 14 жасында азаптаушыдан қыз туады. Арадан үш жылөткен соң тағы бір қыз босанады. Маньяк қамауға алынған кезде, Джейсон Ли құтқаруға тырысады. Ол өзінің шын есімін жасырып, қыздарының шығу тегі туралы жалған дерек ұсынған. Филип 431 жыл мерзімге, әйелі 36 жыл мерзімге темір торға тоғытылған. Ол тұтқында тұрған үйден Дугард бес мысық, екі ит, үш ттотықұс, көгершін және тышқан алып кеткен. Кейіннен Джейси бестселлерге айналған «Ұрланған тағдыр» кітабын жазып шығды.
Бұл синдром Диктаторлық елдерде айқын көрінеді. Диктатор өз халқын жәбірлеп ,қорқынышта ұстаса да,сол елдің халқының жартысы оны жақтап сыйлайды. (Мысалы, СССР, Солтүстік Корея т.б).
Бірақ ғылыми психологиялық тұрғыдан қарағанда ғалымдар неліктен бұл синдром пайда болатынын нақты білмейді. Кейбір психологтардың айтуынша, адамның өзіне деген сенімін төмендеткен соң адам басқа бір күш иесін құрметтей бастайды. Сондықтан бұл синдроммен ауыратын адамдардың жеке тұлғалық қасиетін(самооценка) жоғарлату керек. Сол кезде барлығы қалпына келуі мүмкін.
Суреттер ашық дереккөзден алынды.