«Қуыршақ Димаш»
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің якутиялық жанкүйері әншіге ерекше сыйлық ұсынды. Әртістің тыңдарманы Димашқа өзінен айнымайтын қуыршақ сыйға тартты. Бұл туралы Instagam желісіндегі "Dimash Sakha Yakutia" тобында жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ. Қолдан жасалған туындыны жанкүйерлер Кремль сарайында өткен жеке концертінде тарту еткен.
Қолөнер шеберінің айтуынша, ол қуыршақты жаңа жылдың алдында жасап бастаған екен. "Лена есімді Димаштың жанкүйері Димаш Құдайбергеннің суретіне қарап, қуыршағын жасай аласыз ба деп сұрады. Суретін жіберші дедім. Суретін көріп, бет әлпеті өте сымбатты екен. Оп-оңай жасаймын деп ойладым. Сөйтсем, қателесіппін.
Димаштың қуыршағын жасау барысында бет әлпетін үш рет ауыстыруға тура келді. Жұмыс барысы тым ұзаққа созылып кетті. Қуыршақты қыста Мәскеуде жасап бастадым да, сонау Бали аралдарында әрең бітірдім", - деді ол. Қолөнер шебері сенім артып, қуыршаққа тапсырыс берген Лена мен барлық фан клубтарға алғысын білдірді. "Бұл тәжірибе маған өмірлік сабақ болды. Дарынды Димаштың өнерімен танысқаныма өте қуаныштымын", - деді ол.
Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген 22-23 наурыз күндері Мәскеу қаласындағы Кремль сарайында жеке ән кешін берді.
Ол концерт кезінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған "Елім менің" әнін шырқады.