Адамдар неге өз-өздерін жек көреді?

Oinet.kz 14-02-2019 1199

1. Адам неге өзін өзгелермен салыстырады? Бұл өмір сүру сезімімен тікелей байланысты. Жануарлар секілді адамдардың арасында да көзге көрінбейтін өмір үшін тартыс жүріп жатады. Мысалы, кей адамдар қоғамда қалыптасқан дағды бойынша өмір сүрсем, қауіпсіз болады деп сенеді. Яғни,  сұлулық стандартына сәйкес «мен неғұрлым арық болсам, қоғам соғұрлым мені өзіне жақын тартады», – деген сенім қалыптасады. Бұны ғылымда әлеуметтік сараптама деп атайды: адам белгілі бір бейнені көрген бойда, оны өзімен салыстыра бастайды. Өйткені, адам өзгелер секілді болғысы келеді. Әрине, айналамыздан біз тек сыртқы пішіндерді байқаймыз. Адам көрген бойда, миға сигнал жібереді. Ми мұны бұйрық ретінде қабылдайды. 

Screenshot_8.jpg

2. Адамдар неге жиі селфи жасайды? Адамзат тарихындағы ең ерекше сәт: бұрындары адам үшін оның қоршаған ортасына қалай көрінетіні қызық болатын. Ал, қазір адамдар бізді қалай қабылдайтынын жақсы білеміз. Біз өзімізді қоршаған ортаға тәуелдіміз: олардың не ойлайтыны өте маңызды. Селфиді ұнататындар өздерін жақсы көретін жандардың қатарынан табылмайды. Керісінше, олар өздерін селфи жасау арқылы жұбатады деген тұжырымға келген ғалымдар. Әйткенмен, селфи жасаудағы негізгі себеп қатардан қалмау екенінін де ескерген жөн. 

3. Self-harm немесе мазохисттер қайдан шығады? Мазохизм – тән мен жанның ауруынан рахаттанатын адамдар. Соңғы уақытта өздеріне қол жұмсамаса да, денесін тілгілеп, өздерінің жандарын қинайтын жастардың қатары көбейіп келеді. Мұны ғылымда мазохизм деп атайды: бұл – психологиялық ауру. 

Бұл қайдан пайда болған? 

Бұл дерттің түпкі тамыры өзін жақсы көрмеу және шексіз салыстыруларда жатыр. Олар өздерін адам санатынан алып тастайды. Өйткені, қоғамда қалыптасқан стандартқа сәйкес келмеміз деген ой мазалайды. Кейін адамда өз тәні мен санасының арасында байланыс жоқтай көрінеді. Ал, бұл дерттен айығудың жалғыз жолы өзіне зиян келтіру деп ұғады. Бәріміз «жұрттың баласы» дегенді естіп өстік. Әйтеуір, ата-анамыздың санасында бәріміз өмірі көрмеген, байқамайтын, тек әке-шешемізге аян жұрттың баласы өмір сүретін. Бүгінде бұл сөз арқылы баланы тәрбиелеу қиындық тудырады. Өйткені, 21- ғасыр рухани әлсіздердің дәуіріне айнадып бара жатқандай. Тіпті, жалғыздық дертіне шалдыққандар мен күйзеліспен күресушілердің саны жылдан жылға артып келеді. Оның 70%-ы жастар дейді ғалымдар. Сонда, болашақ өзінің санасын басқара алмайтын жастардың қолында болғаны ма? 

Дереккөз: massaget.kz

Хан әділдігі
Мұхтар Әуезов, Мұқағали Мақатаев, Сәбит Мұқановтар өмірде қандай адам болған?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу