Құпияға толы құйымшақ сыры

Oinet.kz 13-12-2019 13111

1940 жылдардың соңына қарай Америкада мынандай бір оқиға болған екен. Америка сотына бала ерткен бір қатын келіп, қасындағы баланың қаншама жыл бұрын дүниеден озып кеткен бір байдың баласы екенін айтып, үлкен бір істің ашылуына түрткі болады. Қатынның ниеті – байдан қалған байлыққа бұл баланың да мирасқорлық құқығы бар екенін дәлелдеп, өзіне тиесілі үлесін алу еді. Ол кезде баланың кімдікі екенін анықтап бере қоятын ДНК тесті деген жоқ.

құйымшақ.jpg

Содан Америка құқықтық жүйесі бұл істің алдында дәрменсіз қалады. Басқа елдің құқықтық жүйелеріне назар аударады. Римнің, Грекияның, Қиыр Шығыстың тәжірибелеріне қарайды. Олардан да ештеңе таба алмайды. Бір делегацияны Түркияға да жібереді. Бұл мәселенің жауабын білу үшін бұларды сол кездегі Түркияның Бас Мүфтиі Өмер Насухи Билменге жөнелтеді. Делегация мұның себебін ұға алмайды. Десек те, бара салайық дейді.

Өмер Насухи Билмен Америкадан келген делегациядан әлгі өлген адамның сүйегі әлі күнге дейін бар ма, жоқ па, соны сұрайды. Олар да таңғалған күйі бар екенін айтады. Сонда Бас Мүфти әлгі өлген байдың құйымшақ сүйегінен бір жерді айтып, сол жерге баланың қанын тамызып көруді кеңес етеді. 

Егер құйымшақ сүйегі қанды сорып, сіңіріп алса, онда бала сол адамнан туған, ал сіңірмесе, онда қатын өтірікші екенін айтады.

Келген делегация алған жауаптарын қорыта алмастан, көңілсіз кері қайтады. Себебі, Өмер Насухи Билмен бір дін адамы, ал іздеп жүрген жауаптары медицина саласына қатысты еді. Екеуін бір арнада тоғыстыра алмаған Америкалық делегация шек-шүбәмен отандарына оралады. Десек те, Өмер Насухидің ақылы делегация құрамында болған бір докторға тыныштық бермейді. Соңында мүфтидің пікірін қате, жаңсақ деп дәлелдеп шығып, жұртқа паш етуді ниет етеді. Осы мақсатта қабірді ашқызып, мүфти айтқан құйымшаққа әуелі өз қанын тамызады. Қан сіңбестен сүйектің үстінен ағып кетеді. Екіншісінде баланың қанын тамызады. Сол кезде әлгінің көзі шарасынан шығып кете жаздайды. Сүйек қанды сіңіріп алады. Мұны көрген ол таңданысын жасыра алмайды.

Бас Мүфтидің «америкалықтарға» берген жауабына сол жерде табылған түріктер де таңғалып, мүфтиден бұл мәселені қайдан білгенін сұрайды. Өмер Насухи Билмен де әлгі құйымшақтың тек өз нәсілін ғана қабылдайтынын ұзыннан-ұзақ түсіндіріп береді. Әрі құйымшақтың маңызын, оны не істесең де жоя алмайтынын, тіпті, Қияметке дейін бұл сүйектің сақталатынын, әрі Қиямет күні адамның осы сүйектен қайта жаратылатынын әңгімелеп береді.

/Салтан Сайранұлы/

Балаға берілген тәрбиенің маңызы
Сізде көп нәрсе жоқ... (ой салатын оқиға)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу