Ол - темір. Біз - адамбыз

Oinet.kz 13-12-2019 2970

Кеше кешкісін мешіттен шығып келе жатып, мына оқиғаның куәгері болдым. Жас шамасы 60-тардағы ер адам, көлігін артқа жүргізіп жатып, байқаусызда, авто-тұрақта тұрған қымбат шет-елдік көлікті соғып алды. Дабыл-қаққыш іске қосылды. Көліктің иесі жақын маңда жүрген болуы керек, лезде оқиға орнына келіп жетті. Тіпті, көлікті соққан кісі көліктен шығып та үлгермеген еді. 

авария.jpeg

Көрнекі сурет

Соғылған көліктің иесі, келе салып әлгі кісіге:

— Ас-саляму алейкум аға, — деп қолын алды да, — Жағдайыңыз қалай? Жарақат алмадыңыз ба? — деп сөзін жалғады. Әлгі кісі түк түсінбей, таңырқай қарап:

— Көліктің иесі кім? — деп сұрады. Ал көліктің иесі жылы қабақ танытқан жігіт екенін білген сәтте, кешірім сұрай бастады. Ал жігіт болса, көлігінің соғылған жерінен 1-2 рет ұрғылап қойып:

— О не дегеніңіз аға? Бұл — темір, ал біз — адамбыз. Ең бастысы өзіміз аман болайық ағасы. Уайымдамай жүре беріңіз. Жолыңыз болсын, — деді де көлігіне отырып кете барды.

Мұндай кісілердің жер бетінде өмір сүріп жатқандығына Аллаға шүкіршілік айтып, олардан көп үлгі алу керек екен деп, ол жігітке екі дүниенің бақытын тіледім 

/А.Ахмет/

Неге жас ұлғайған сайын уақыт зымырай түседі?
Желтоқсан құрбандары. Ербол Сыпатаевтың ерлігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу