Дейл Карнегидің «Дәл бүгін» атты дұрыс ойлау жаттығуы

Oinet.kz 13-11-2019 828

1. Дәл бүгін мен бақытты болам. Бақыт адамның жан дүниесінде. Ол сыртқы әрекеттің нәтижесі. Сондықтан адам қаншалықты бақытты болуға батылдығы жетсе, соғұрлым бақытты.

2. Дәл бүгін айналамдағы өмірге бейімделемін. Ештеңені өзімнің тілектерімнің ыңғайына жығуға тырыспаймын. Мен өзімнің отбасымды, жұмысымды, өмірлік өзгерістерімді сол күйінше қабылдаймын. Соларға сай болуға тырысамын.

3. Дәл бүгін ағзама қамқорлық танытамын. Жаттығу жасаймын. Баптаймын. Денсаулықты жақсартатын ойларды ойлаймын. Менің тәнім менің талаптарымның бәрін орындайды.

4. Дәл бүгін санама сәуле түсіретін ойларға ерік беремін. Өзіме пайдалы бірдеңені оқып, үйренемін. Енжарлықтан аулақ боламын. Ерік-жігерімді жанып, ойланып, талдап, табанды түрде оқуға тиісті дүниені бар ықыласыммен меңгеремін.

дәл бүгін.jpg

5. Дәл бүгін рухани өсуге талпынамын. Өзімді жетілдіремін. Ол үшін бейтаныстарға көмек қолын созамын, пайдалы әрекет жасаймын, өзім жасай алатын бір емес, екі істі тындырамын.

6. Дәл бүгін айналама аса мейірімді, шамам жеткенше сұлу боламын. Өзгені мақтауға жомарт, әрі аса сыпайылық танытамын. Адамдарға сын айтпаймын, оларды түзетуге тырыспаймын.

7. Дәл бүгін мен осы сәтпен өмір сүрем. Өмірдегі барлық қиындықтарды шешіп тастауға тырыспаймын. Мен кез келген жұмысты тез бітірем.

8. Дәл бүгін шаруаларымды ықшамдап, жасауға тиісті жоспарларды сағатына дейін көрсетіп тізімдеймін. Бұл жоспар мені асығыстықтан, көп ойланудан, шешім қабылдамай қашқақтаудан сақтайды. Тіпті бәрін түгел істеп болмасам да.

9. Дәл бүгін мен жарты сағат тыныштықты тыңдап, жалғыз отырып босаңсуды үйренем.

10. Дәл бүгін өмір сүруден қорықпаймын. Бақытты болудан шошымаймын. Мен сүйетін жан мені де сүйеді дегенге сенемін.

Аударған Шынар Әбілдә

Достық
Рухыңды оят!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу