Азамат атану қиын ба?

Oinet.kz 13-11-2019 911

Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек. Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

Ер адам әрдайым өзінің жаман қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы керек.

азамат.jpg

Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл ер азаматтың табиғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны болуы шарт. Өзін көрсету үшін емес, өз менін ашу, тану үшін.

Өмірді қалай дұрыс сүру керектігін зерттеуі шарт және оны әйел затына үйретуге мүдделі. Бұл оның міндеті.

Еркек үйленбей тұрып келешек әйелі оны бар болмысымен қабылдайтындай дәрежеге өсуі керек. Әйелдің жанында бұл өздігінен бола салатын құбылыс емес.

Қазіргі заманда кез келген қызды сындыра алса, ондай еркек керемет болып саналады. Ал, шын мәнінде егер еркек жүргіш болса, онда ол қорқақ болғаны. Ондай еркек ешқашан танкке қарсы жалаң қолмен шықпайды. Уәдесінде тұрмайды. Өзін жетілдірмейді. Егер әйелдің ықпалынан шыға алмаса, онда ол өзін жоғалтқаны.

Еркек болу деген ең алдымен өзінің менін әйел атаулыдан ада етуі. Әйтпесе, ол теріс әдеттермен күресе алмас. Өзін қиындықтардан шығара алмайды. Төзімсіз болады.

Еркектің қуаты өзінің нәпсісін жеңуде тұрады. Өзінің менін, өзімшілдігін, еркелігін, бұзықтығын, кербағушылығын жеңуінде. Егер еркек жүргіш болса, әйелдер одан тек ләззат алады. Бірақ ешқашан сыйламайды.

Еркек болғым келеді деген адам ең бірінші санамен әйелден оқшау өмір сүруді үйренуі керек.

Неге үйленген еркектер өзінің менін жоғалтады? Не тым жұмсақтық танытып, аяқ сүрткішке айналады. Не дөрекілік танытып, құбыжық сияқты болып кетеді. Еркек алдымен әйеліне қызмет көрсетуді үйренгені жөн. Әйелді зат секілді тұтынуды доғару керек.

Ер адам бақытын қоғамдық жұмыстарға белсене жегіліп жүріп табады. Еліне қызмет етіп тапқан бақыты баянды болмақ. Сонда оның отбасылық бақыты өздігінен бір жүйеге түсіп кетеді. Тұлға ретінде қалыптасса, онда отбасы бақыты оған өзі келеді.

Еркекке әйелдің құбылмалы көңіл-күйін көтеру өте қиын. Бірақ соған төзімділік танытып, кешіріммен қарау азаматтық мінез. Ештеңе болмағандай өмір сүру керек. Осындай рухани биікке өскен адам үйленуге дайын деген сөз.

Егер әйелің саған ренжіп, жыласа, онда оған түсіністік таныту қажет. Егер үнемі ұрыс-керіс шығарып, мазаны алса, одан оқшауланып, біраз уақыт түздегі жұмысқа көбірек көңіл бөлуге тырысқан абзал. Егер әйелдің тиіскеніне көбірек көңіл бөлсе, оның шайтаны екі есе күшпен қоза береді. Мән бермей өмір сүру керек.

Ұл баланы тек өз ісіңмен ғана тәрбиелей аласың. Ер бала сөзді түсінбейді. Оларға әрекет қана мысал бола алады. Анасы баласын жазалауына жол бермеу керек.

Ұл тәрбиесіндегі ең маңызды шарт — оның еркіндікті сезіп өсуіне мүмкіндік тудыру. Сонда ол өмірде қалағанына қол жеткізеді. Ұл балаға рухани білім беру керек. Есесіне ол өзін жетілдіруді тоқтатпайды.

Өзін дамытуды тоқтатқан еркектің өмір өзені қаңсып қалады. Кештік өмірің барда түстік мал жи. Азамат, жүнжіме, жүрме бос!

Аударған Шынар Әбілдә

Жаныңа қормал бол!
Сүюдің қияметі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу