Күз мезгілінде кәдеңізге жарар кеңес

Oinet.kz 11-11-2019 1096

күз мезгілі.jpeg

Күрең күздегі торығу, көңілсіздік, жалқаулық артқа тартып, қолыңызды істен, ойыңызды зікірден тосып жатыр ма? Адамдардың көпшілігі осы маусымда психологтардың көмегіне жүгініп, барынша пайдалы тренингтерге қатысып, денсаулығын айрықша күте бастайтыны жасырын емес.

 Ардақты пайғамбарымыздың ﷺ ғұмырында да осы кезеңнен тоқыраусыз өтуге берілер кеңестер жетерлік.

Әуелі, күз дегенде ойыңызға не келеді? Жаңбыр. Солай емес пе? Ардақты пайғамбарымыз жаңбыр жауған кезде арнайы дұға оқығаны белгілі. Себебі ол ﷺ бұл нөсердің үмметіне зиян әкелуінен қорқатын еді.

«Алла Тағалам! Бұл жауынның жақсылығын бер, оны берекелі ет әрі жауынан соң келетін ризықты да берекелі ете көр! Өзіңнен оның жамандығынан, жауыннан келетін бәледен сиынамын!»,- дейтін.

Егер жауын нөсерлі болмаса Алла Елшісі ﷺ далаға шығып:

«Расында бұл жауын Раббымнан келді»,- дейтін болған.

Сонымен қатар әз пайғамбар ﷺ:

Иә, Раббым! Бұл жауын пайдалы болсын!

Алла Тағалам! Біздң үстімізге емес, айналамызға жаудыр!,- деген іспетті дұғаларды оқыған екен.  

Сондай-ақ жауын жауып тұрған сәтте дұғалардың қабыл болатын естен шығармаған абзал. Сондықтан осы сәтте барынша Жаратушыға жақын болуға асыққан жақсы, Раббыңызбен тілдесіп, жәрдем сұрап, кешірім тілеп, уайым-қайғыңызбен бөлісіңіз.

Күздің қоңырқай күндері жаныңызға қаяу түсіріп, мұңға батырған болса:

«Менің Раббым – Алла. Оның ешқандай серігі жоқ» деңіз.

«Аллаһу рабби, лә шәрикә ләһу»

Жаңбыр – табиғи құбылыс қана емес, Жаратушының рақымы. Иманды адам мұны білуі тиіс, олай болса тіпті жаңбырлы күн біздер үшін жақсылыққа, берекеге қауышатын күн болуы тиіс.

Екінші жайт – жақсы ойда болудың маңызы зор. Болып жатқан оқиғаларға, жасалып жатқан амалдарға оң көзбен қарай білу.

Сонымен қатар, күз мезгілінде денсаулыққа да айрықша көңіл бөліп, дұрыс тамақтану қажет. Физикалық тұрғыда өзіңізге салмақ салудың қажеті шамалы, алайда рухани азық: қосымша намаздар мен Құран оқуға уақыт тапсаңыз жеткілікті.

дереккөз: muftyat.kz

Нілдің тасуы
Абай Құнанбаев балаларын қалай оқытқан?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу