Ғаламның ережелері
1. Ненің жақсы, ненің жаман екенін анық білмеуің мүмкін. Бірақ, біреудің тықпалаған жақсылығы – ол жамандық екені анық.
2. Өзіңді кінәлама. Сенің кінәң жоқ.
3. Кей адамның қасыңда болуы сенің болмысыңды бүлдіреді. Бірақ бұл ол жаман деген сөз емес. Оның мағынасы – бірге болу сенің болмысыңды бүлдіредіге ғана саяды. Кей адамның жанында жүру сені өзгертеді, ойыңды өсіреді. Күш-қуатыңды тасытады. Бұл олардың тым жақсы болғандығынан емес. Ол тек бірге болу жаныңды жадыратады деген сөз. Өзгелермен араласқанда өзіңнің не сезінетініңе мән бер. Сонда кімнің кім екенін білесің. Біріншілермен араласпауға тырыс. Екіншілерге өзің ұмтыла бер. Мүмкін болмаса, онда дос болуға өзің бірінші болып ниет білдірме.
4. Ұнайтын нәрсені қолда. Ұнамайтынды назардан тыс қалдыр.
5. Егер қателігіңді түзей алсаң, онда әлі қателік жасамағаның.
6. Басыңа не жағдай түссе де, бәрі де дер кезінде болғаны.
7. Дұрыс шешім қабылдау қателік жасаудан да қымбатқа шығатын кездері болады.
8. Егер жолға шығуға қорықсаң, жаныңа жолдас ал. Сенімді болсаң, жалғыз кете бер.
9. Адамның бәрі жалғыз. Қайсар адам жалғыздығын қабылдап, алғыс айтады. Осал адам жалғыздықтан қашады.
10. Егер өзің туралы өзгелерден білгің келсе, өз билігіңді оларға бергенің. Сондықтан сенің өміріңде не болып жатқанның көрсеткіші өзің ғана бол.
11. Қарғыстан қорықпа, мақтауға дәнікпе, екеуі де саған ешбір өзгеріс әкелмейді.
12. Егер істеген ісің қиын болса, осы нәрсе саған керек пе, ойланып көр.
13. Істегің келгенді қазір тындыр. Содан кейін ешқашан істейтін мүмкіндік тумайды.
14.Әлемге байсалды көзқараспен қара. Сонда өзіңнің Күш-қуатың тасып тұрған шағыңды бос өткізіп алмайсың.
Ольга Валяева
Аударған Шынар Әбілдә