Өзіңді кешірсең – кармаң тазарады

Oinet.kz 11-11-2019 1454

ой тазарту.jpg

Бұл адам болмысының қаншалықты ұлы екендігін көрсетеді.

Карманы тазарту үшін бізге қиянат жасаған әр адамға кешірім беру керек. Оның жасағаны кешірілмес күнә болып көрінсе де, Аллаға тапсыр. Олар кешірімге лайық болғандықтан кешірмейсіз, жаныңыз күйіктен жараланбас үшін кешіріңіз. Сізге жасалған қиянатты еске түсіре бермес үшін кешірімді болыңыз.

Сізді кім, қалай ренжіткені маңызды емес. Бәрін кешіріңіз. Бұдан ары ауырғыңыз келмесе, кешірім бүкіл дертке ем екенін біліңіз. Кешірім сіздің жаныңызды емдейді. Өзіңізге өзіңіз жанашыр болсаңыз, кешіруді үйренесіз.

Кешірім – өзіңді жақсы көрудің белгісі

Ажырасқан әйелді мысал етелік. Он жыл тұрмыста болған. Күйеуінің кесір қылығына бола ұрысады. Ажырасты. Бұрынғы күйеуін жек көреді. Оның атын атағысы келмейді. Құсқысы келеді. Көңілдің уы тарқамаған. Оған шыдағысы жоқ. Әйелге көмек керек. Ол психотерапевтке барады. Дәрігерге барып: «Жүрегім жаралы. Ішім қыж-қыж қайнап жатыр. Ашу, қызғаныш маза берер емес. Оны көрсем, зығырданым қайнайды. Мұндайды кешіруге болмайды. Мен бұл адамды жек көремін».

Психотерапевт оған: «Көңілдегінің бәрін сыртқа шығару қажет. Айту керек. Ашуды ұстамаңыз. Зығырданыңыз қайнаған сәтті: жастықты алып ұрғылаңыз, шайнаңыз, ұрыңыз. Ашу сыртқа шықсын» дейді.

Үйіне барады да өзінен өзі жынданады. Саналы түрде ашуын сыртқа шығарады. Бойы жеңілдеп қалады. Әйел психотерапевтке жүз долларын төлеп жатып: «Рақмет! Жеңілдеп қалдым!» дейді.

Бұрынғыдай емес, жүзіне қан жүгіріп, күле бастайды. Кабинеттен шығады да – осы сәтте оның жолын кім кесіп өтеді, білесіз бе? Бұрынғы күйеуін көре салысымен оның ашуы қайтадан қайнай бастайды. Ол қайтадан психотерапевтке барады.

Мұндай жағдайларда көңілді тазарту, ашуды сыртқа шығару уақытша жеңілдік береді. Иә, жүректегі уды сыртқа шығаруға көмектеседі. Бірақ жүректі толық емдемейді. Жүректегі жараны емдеудің жалғыз жолы – кешірім. Бұл әйелге бұрынғы күйеуін біліп, білмей жасаған қиянаты үшін кешіру керек.

Шын жүректен кешірген, кешірмегеніңді қалай білуге болады? Оны кездейсоқ көріп қалғанда бұрынғыдай ашу кернемейді. Ол адамның атын естісең де, бұл сені бейжай қалдырады.

Яғни, жараны тырнаса да, ол жан қинамайды. Шын кешірім деп осыны айтады. Әрине, ол жараның тыртығы қалады. Эмоционалды аурада. Адам тәнінде де тыртық қалатыны секілді.

Болған дүниенің бәрі есте сақталып тұрады. Тыртығы жазылған кезде маза таптырады. Бәлкім, қазір: «Өзгені кешір деуден оңайы жоқ, қолымнан келмесе, қайтем?» деп отырған шығарсыз?

Кешіргіміз келмеудің мың себебі табылады. Бірақ соның бәрі өтірік. Шындық кешіре алмайтындықта ғана. Себебі, өзімізді кешірмеуге үйреткенбіз. Шын ниетпен кешіруге тырыспадық. Бұған дейін бізге тек кешірмеудің шеберлігі сіңірілді.

Баланың қанында кешірім бар. Ол оңай кешіреді. Жалпы халықтық рухани мүгедектікке шалдыққанша бала пәк қалпын сақтайды. Бала күнімізде кез келген адамды кешіруге пейілді болушы едік. Әдетте сол сәтте-ақ кешіріп үлгеретінбіз.

Бірге ойнайтын балаларға қараңызшы: ұрысты, төбелесті, шешесіне жылап барады, шешелер өзара дауласып болғанша, екі бала татуласып үлгереді. Шешелер не істейді? Ол екеуі бір-бірін өле-өлгенше жек көріп өтеді. Мәселе, тіпті кешіріп үйренуде емес – кешірім адам баласының қанындағы қасиет. Бірақ есейген сайын айналамыз бізді кешірмеуге дағдыландырады. Неге?

Осылай жалғаса берген соң уақыт өте келе біз кешіруді ұмытамыз. Адамнан тартқан зардаптың бәрін жіпке тізіп, кешірмеудің кесірінен талай адамды өмірімізден өшіреміз. Өзімшілдік ойыны басталады.

Неге? Себебі, кешірмеген кезде өз маңыздылығымыз күшейеді екен. «Ешқашан кешірмеймін! Өліп кетсе де кешірмеймін!» десек пікіріміз салмақты болғандай көрінеді. Бірақ бәрінің кесірі тәкәппарлықтан. Тәкәппарлық, өзімшілдік – реніштің отына май құяды. Үнемі ол мені ренжіткен деп еске түсіріп тұрады. Оны кешіруге болмайды деп ескертеді.

Оның үстіне ренжіткен адамды жазалау үшін у ішіп, қайғырғанды әдет қылдық. Содан да өзімізді бала сияқты ұстаймыз. Өзімізге назар аудартқымыз келеді. «Бәрі сенің кесіріңнен! Ал, қара не істегеніңді!» деумен ең алдымен өзімізге зиянымыз тиеді. Өмірде ылғи осы сценарий жүріп жатады.

Өзімшілдігіңізді қоқысқа тастайтын уақыт жетті. Өзіңіздің маңыздылығыңызды ұмытыңыз. Жай ғана кешіріңіз. Тізім жасаңыз. Кімді ренжіттіңіз? Тізімнің басынан бастап кешіріңіз. Барып кешірім сұрауға уақыт, я мүмкіндік болмаса, қоңырау шалыңыз, дұғаңызға қосып, ойша кешіріңіз.

Сосын ренжітушілердің тізімін жасаңыз. Бәрін кешіріңіз. Олар не істесе де, ол қазір маңызды емес. Әр адамның түсі әркелкі екенін ұмытпаңыз. Бәрін кешіріп, түсіңізді тазалаңыз. Олар сізді қалай ренжітсе де, сіздің онда кінәңіз жоқ.

Әркімнің түсі ерекше. Ерте ме, кеш пе өмірдегі көп қиындық кезінде өзіңді кешіру маңызды екенін түсінесің. Ішкен у үшін, жазалаған қиянат үшін де өзіңізді кешіріңіз. Сонда сіздің Түсіңіз қанық бола бастайды.

Өзіңізді кешірген кезде рухани үйлесім орнайды. Өзіңізді танисыз, сезінесіз. Өзіңді кешіру – ең Ұлы кешірім.

Жақсылық пен жамандық туралы әңгіме ұятымызды оятады. Кей дүниеде өзіміздің кінәмізді мойындап, жазаға лайық екенімізді айтып, өзімізді жазалаймыз.

Өзіміз жасаған күнә соншалық лас деп танып, тазалану керек деп жазалаймыз. Адам риясыз сеніп, «Алланың дегені болсын!» - десе бұл жаза өмірде орындалады. Адам өмірін өзінің сенімімен жасайды. Бұл адамның қаншалықты ұлы екендігін көрсетсе керек. Ескі кармадан құтылу үшін – оған деген сенімді түп-тамырымен жою керек. Сенуден бас тартсаңыз – карма жоқ болады.

Қиналып, уайымдаудың қажеті жоқ, ешбір жазаны арқалаудың, құн төлеудің қажеті жоқ. Бәрі бітті.

Өзіңді кешірсең, жаманат кармасы жойылады. Осы сәттен өмір жаңадан басталады.

Armine

Аударған Шынар Әбілдә

Махаббаттың шеберлігі
XXI ғасырдағы әйелге тән аскеза
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу