Кету
Өзіңді көре алмайтын әр жағдайдан кетіп қалуға қақың бар. Өзіңді ұната алмай қалған әрбір өмірлік оқиғадан кетуіңе болады. Сенің жүрегіңдегі сәулеңе көлеңке түсірген қаладан кетіп қалсаң да болады. Жарқырай алмай тұрған жерден жинал да, өміріңді өзгерт. Жек көретін жұмыстан шық. Тіпті бүкіл әлем бұның дұрыс емес деседе. Өмірдің соңына дейін төсегіңнен атып тұрғызатын нәрсемен шұғылдануға қақың бар. Сүйіп тұрып өзіңе еш құрмет көрсетпеген адаммен кетісуге де қақың бар. Егер қайта-қайта тырысып түк өзгерте алмасаң, онда үндемей кетіп қалуға қақың бар. Саған достық пейілін бермеген достармен қоштасуға қақың бар. Өзіңді қолдайтын, жақсы көретін, құрметтейтін адамдармен араласуға да қақың бар. Өмірде қандай қуатқа мұқтаж болсаң, соны иеленуге қақың бар. Өзіңді үлкенді-кішілі қателіктер үшін кешіріп, өзіңе мейірімді болуға да болады. Айнаға қарап өзіңді жақсы көруге де жол ашық. Өзіңді өз үмітіңнен босатуыңа да болады. Кейде кетісу жаман нәрсе деп айтамыз - бұл жеңілдің, салың суға кеткені деп түсінеміз. Бірақ кейде кетісу - өзің үшін жасар жалғыз таңдау болады.
Лилия Ахремчик
Аударған Шынар Әбілдә