Дәуіт пен Әзірейіл періште

Oinet.kz 07-11-2019

Дәуіт пайғамбар.jpg

Бірде Дәуіт пайғамбар мен Әзірейіл періште сұхбаттасып отырғанда, олардың үстіне Дәуіттен қарыз сұрап бір жігіт кіріп келді. Дәуіт оған ақша берді. Ол кеткен соң, жан алушы періште:

– Ей, Дәуіт, сен мына жігітке қарыз беріп жатырсың. Құдайдың әмірімен жігіттің жанын жеті күннен соң аламын. Ол ажалынан бейхабар. Ақыретпен ісі жоқ. Сауда жасаймын деп сенен қарыз алып жатыр, – деді. Арада екі апта өткен соң, жігіт Дәуітке қарызын қайтарады. Пайғамбар оның тірі жүргенін көріп, Әзірейілден:

– Мына жігіт сау-саламат әлі жүр ғой, – деп сұрады. Сонда Әзірейіл:

– Жоқ, Дәуіт. Жігіттің ажалы толып еді. Сенің үйіңнен шығып бара жатып, жолда қайыршы жетім баланы көрді. Оған мейірімі түсіп, қолындағы бар ақшасын бере салды. Жетім бала қуанып «Аға, Алла сізге өмір берсін! – деді. Жетімнің тілегі қабыл болып, Алла оның ғұмырын ұзартты. Несібесін көбейтті, – депті.

«Садақа бәлені жояды» деген нақыл сөз осыдан қалған екен.

«Отбасы хрестоматиясы» кітаптарынан

Ешқашан үйге жылап келмеңіз
Жүрек дүрсілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу