Ұрыс-керіс

Oinet.kz 07-11-2019 1193

ұрыс-керіс.jpg

Бірде ұстазы шәкірттерінен былай сұрады:

- Неге ұрысқанда адамдар дауыс көтеріп сөйлейді?

- Сабырынан айырылған соң сөйтетін шығар, - деп болжам айтады шәкірттер.

- Бірақ ұрысатын адам жаныңда тұрса, неге айғайлау керек? – деп Ұстаздары қайыра сұрайды.

Шәкірттері таң қалып, Ұстаздың өзіне қарады. Олар мұндай нәрсені ешқашан ойламағаны білініп тұр. Сонда Ұстаз былай дейді:

- Адамдар арасында кикілжің болғанда, бір-біріне көңілі қалғанда олардың жүректері бір-бірінен алыстайды. Жүрекпен бірге жандары да алыстайды. Бір-бірін есту үшін айғайлауға тура келеді. Реніші мен ашуы қатты болған сайын айғайы да қаттырақ жаңғырады. Адамдар ғашық болғанда қайтеді? Олар дауыс көтермейді. Бәсең дауыспен сөйлеседі. Жүректер бір-бірін қатты сезеді. Арадағы қашықтық сызылып, өшіп қалады. Ал, егер, адамды махаббат басқарса не болатынын білесіңдер ме? – деп Ұстазы тағы сұрайды. – Олар дауыстап сөйлеспейді, олар сыбырласып қана ұғынысады. Кейде сөздің де қажеті болмай қалады. Көздері бал-бұл жанып тұрады. Ұрыс-керіс адамды адамнан алыстатады. Дауыс көтеріп сөйлеу сол қашықтықты одан сайын алыстатады. Дауыс көтере бермеңдер. Әйтпесе, бір-біріңнен қатты алыстап кетіп, кері қайтатын жолды таппай қаларсыңдар.

Аударған Шынар Әбілда

Анасы мен баласы
Әйел неге кетіп тынады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу