Алматыда ірі жол апаты орын алып, 6 адам зардап шекті

Oinet.kz 09-10-2019 847

image.png

Сурет sputniknews.kz сайтынан алынды

Алматыда "Рахат" базарына қарама-қарсы жерде ірі жол апаты болды. Нәтижесінде 6 адам зардап шегіп, екеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus GS 300 пен Volkswagen Passat солтүстік айналма жолмен оңтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Lexus жүргізушісі рөлге ие бола алмай бетон қоршауға соғылды. Бұдан соң көлік бүйірімен жолдың қарсы бағытына шығып кетеді. Lexus солтүстік айналма жолмен солтүстікке қарай бет алған Volkswagen Polo көлігіне соқтығысады.

Жол апатының салдарынан алты адам зардап шекті: Passat жүргізушісі, Volkswagen Polo жолаушысы мен жүргізушісі және Lexus-тың екі жолаушысы мен жүргізушісі. Екі адамның жағдайы ауыр.

image.png

«Жусан» операциясы арқылы Сириядан 600-ге тарта адам қайтарылған
Жазасын өтеушілер абақтыда отырып ақша тауып, отбасын асырап жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу