Геннадий Головкин жекпе-жектен шеттетілді

Похожее изображение

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионының екі титулын жеңіп алған Геннадий Головкин жекпе-жектен шеттетілді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

5 қазанда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченконы (13-1, 10 КО) жеңіп, IBF және IBO титулдарына ие болған еді.

BoxRec.com-ның хабарлауынша, Нью-Йорк штатының Атлетикалық комиссиясы Геннадий Головкинге рингке шығуға тыйым салды. Бұл кездесулерден кейін жасалатын әдеттегі шара. Себебі кездесуден кейін екі спортшы да ауруханаға жеткізілген болатын. Деревянченко оң көзін зақымдап алса, Головкин қолын жарақаттаған.

Спортшының қалпына келуі үшін жекпе-жек өткізуге шектеу қойылады. Деревянченкоға қатысты да осындай шара қолданылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақмола облысында қыс басталмай жатып екі адам үсіп өлді
  • Нұр-Сұлтанда МӘМС жарнасын аударатын терминалдар орнатылады
  • Шымкентте жылу бағасы көтерілуі мүмкін
  • Әуезов театры 94-маусымның шымылдығын ашты
  • Бекітілмеген латын қарпін қолданып жүргендерге ғалымдар пікір білдірді
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика