Қазақстанда Ресейдің рухани мәдениеті күндері басталды

Oinet.kz 08-10-2019 993

image.png

Сурет sputniknews.kz сайтынан алынды

Белгілі ресейлік әртістер "Несвятые святые" әдеби-музыкалық композициясын ұсынды. Мұнан бөлек, Ресейдің рухани мәдениті күндеріне арналған концерттер, көрмелер ұйымдастырылып, кино көрсетіледі, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ашылу салтанатына Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Дмитрий Дюжев, сценарист және режиссер Оксана Шелест, РКФСР халық әртісі Александр Голобородько және Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері  Алексей Кузнецов та қатысты.

"Біздің мәдени әріптестігіміз екіжақты дамып келеді. Осы жылдың күзінде Санкт-Петербургтегі Мариинский театрына "Астана Опера" гастрольдік сапармен барады. Ал келесі жылы "Астана Опера" Мәскеудегі Үлкен театрда өнер көрсетеді деп сенемін. 2020 жылы Қазақстанда Горький атындағы МХАТ, Вахтангов атындағы театр гастролі мен Эрмитаж жәдігерлерінің көрмесі ұйымдастырыатын болады", - деді Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин.

Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Ресейдің мәдениеті Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті.

image.png

Бүгін Путиннің туған күні
Еліміздің 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу