«Black Star» жұлдызы Назима сахнаға хиджап киіп шығып, ән шырқады
Ел алдында ашық киініп ән салып жүрген қазақстандық Назима Жәнібекова Шешенстанда хиджабқа оранып ән салды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram жариялаған суретінде белгілі болды, деп хабарлайды OINET.KZ сайты.
Назиманың жанкүйерлері бұл образға оң көзбен қарап қуанып жатса, екіншілері Black Star продюсерлік орталығының жұлдызын Қазақстанда ашық образдарын паш етіп, Грозный қаласында оранып алғанына шүйлігіп отыр.
«Керемет қала Грозеыйға 201 жыл толды. Аспаны ашық болып, гүлдене берсін. Жылы қабылдағандарыңызға рақмет», - деп жазады әнші Назима Жәнібекова.