Қазақстанға әкелуге тыйым салынған Қытай дәрілері тәркіленді

Oinet.kz 07-10-2019 1582

Картинки по запросу заңсыз дәрі дәрмек

ҚР аумағына әкелуге тыйым салынған жалпы салмағы 60 килограмм болатын қытай дәрі-дәрмектері ұсталды және тәркіленді.  Қораптарда "СТЕКЛО" деген жазуы бар аспашам түрінде жасырынған, деп хабаралйды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде кедендік бақылау жүргізу барысында ҚР ҰҚК ШҚ және Алматы облысы бойынша ТЭД қызметкерлері  Қазақстан аумағына ҚХР-дан тыйым салынған дәрі-дәрмектерді анықтады. Сонымен қатар, жалпы салмағы 370 кг болатын 18 500 қорап (370 000 дана) "Cavallo" және "Milano" маркалы темекі өнімдерін ұстады.

Кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында "Rapiscаn" рентген аппаратынан  Өзбекстан Республикасының азаматынан өткізу кезінде Қазақстан Республикасының арнайы органдарынан рұқсат талап етілетін "Baofeng" маркалы 52 дана рация анықталып, ұсталды.

Қазіргі таңда аталған істің барлық мән жайы мен тауарлардың кедендік құны анықталуда. Содан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы мен балалар автобусы соғысты
«Black Star» жұлдызы Назима сахнаға хиджап киіп шығып, ән шырқады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу