Майданнан 10 ұлы да аман оралған ана
06-01-2024
Елордада жолаушылар автобусы аялдамада тұрған балалар автобусына соғысты. Зардап шеккендер бар, деп хабаралайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бүгін сағат 07:24-те Мәнгілік ел даңғылындағы автобус аялдамасында №15 автобустың жүргізушісі берілген сигналды ескермей, аялдамада балаларды күтіп тұрған мектеп автобусына соғылды. Оқыс оқиға болған кезде мектеп автобусының ішінде жолаушылар болмаған», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Полицейлердің айтуынша, №15 автобустың ішінде 30 адам болған. Оқиға салдарынан оның екеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір тексеріс жүріп жатыр.