Шымкентте «Отбасы кеңесі» атты пилоттық жоба іске қосылды

Oinet.kz 04-10-2019 1452

dc7a08ed-2f4c-4353-9e8b-66b931d48f9d.jpg

Шымкент қаласында отбасы мәселелерін оңтайлы шешу, ажырасу деңгейін төмендету, жанұя мүшелері мен кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мақсатында «Отбасы кеңесі» атты пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды OINET.KZ.

Бұл бастаманы Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Абай аудандық соты ұйымдастырып отыр. Жұмыс тобының құрамында – құқық қорғау, денсаулық сақтау, білім саласының өкілдері, медиаторлар және өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдар мен  аналар кеңесінің өкілдері бар.

Аптаның әр сейсенбі күндерінде бас қосатын «Отбасы кеңесі» – ажырасуға арыз берген азаматтармен бетпе-бет сөйлесіп, отбасының бұзылуына әсер еткен факторларды талдап, өзекті мәселелермен жұмыс жасайды. Тіпті қос тараптың ата-аналары, отбасыларымен жүздесіп, некені сақтап қалуға әрекет етеді. Мәселен, осы уақытқа дейін  «Отбасы кеңесі» жұмыс тобының 10 отырысы өтіп, онда 70 іс қаралған. Оның ішінде 17 іс медияция әдісі бойынша шешімін тапса, 18 азаматтың неке бұзу бойынша ұсынған талап арызы кері қайтаралды.

Жиынға отбасы бөлімінің мамандары, Абай аудандық сотының судья-медиаторы, «Отбасы кеңесі» жұмыс тобының мүшелері қатысады.

Қаржы министрлігі 30 қарашаға дейін 1000 теңге таратады
Қазақстанда тұрғын үйлер қымбаттады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу