Мұхамеджан Тазабек: «Қазақстанда ешкім аштан өлмейді» (видео)

Oinet.kz 04-10-2019 3184

Screenshot_13.jpg

Танымал айтыскер ақын, Асыл арна телеарнасының негізін қалаушы әрі директоры Мұхамеджан Тазабектің халықтың алаңға шығып, митинг ұйымдастыру мәселесіне орай айтылған бейнежүктемесі «You Tube» желісінде тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі «ALi stydiasy»-на сілтеме жасап.

Елдің тыныштығына алаңдаған айтыскер: «Балық басынан шіриді, бірақ оны құйрығынан бастап тазалайды. Біз мақалдың бергі бетін айтамыз да, оның аяғын айтпай қоямыз. Балық басынан шіриді, ия рас. Елде коррупция болса, жемқорлық болса, елде түрлі ауыртпашылықтар болса ол биліктегілердің көрінеді, бірақ құйрығанан бастап тазалайды, ағайындар...

Бүкіл сыртқы күштердің арманы айбын менен суықтықтың, тәртіптің символы болған полицилер мен әйелдерді площадта кездестіру. Қазақтың қариясы мен анасы, егер оның баласы, әкесі жанашыр болса, шығарма шешеңді алаңға.Қазақстанда ешкім аштан өлмейді.Қазақстанда аузы қимылдағанның қолы қимылдайды, қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. Площадқа келді ма 50 пайыз адамды «жертво» етіп шығарып алып отыр біреу, ал сіз приказбен келдіңіз ба, мемлекет үшін шаруаңызды жасаңыз. 

Мен сізге айтайын, алаңға шыққан қарияны көтеріп кетпек түгілі, алаңға шыққан апаны алдап шығарып салмақ түгілі, бауырлар, қасиетті Меккеде, қағба толы адамның, 15 рет қажыға барған адам ретінде айтайын,  қағбаның қасында корридорлар жасап қойған, адамдар жүруі үшін. Миллион адам бір мешіттің ішінде жүр. Сол қағбаға баратын жолда сіз намаз оқып тұруыңыз мүмкін, бірінші айтады «кет» дейді, екінші рет келіп сізді итереді, үшінші рет келіп жамбасыннан тепкен кезде, құйымшағыңды сындырып жібере жаздайды. 

Бүкіл әлемнің ғұламалары пәтуа берген қоғамның тыныштығы сақталу керек деп. Сен намаз оқысаң өзін үшін, бірақ миллион адамның жолын жаппауын керек.Бір адамның проблемасы үшін, 100 адамға зиян тигізбеу керек. Мен сол кезде барып ойландым, он адамды көшеге шығарып жылатады. сенің жаның ашып, өзімнің шешем сияқты шеше екен,атам сияқты ата екен десең онда сен шынында да мына жақтағы мыңдаған аталар менен шешелердің тыныштығын бұзатын жағдайда есік ашып жатырсың. Жаны ашитын жер болады, үйіне бар да шешеңнің аяғын жу, әкеңнің сақалын сипап отыр, бірақ көшеде қоғамның тыныштығы үшін, мемлекеттің тұрақтылығы үшін, ел мен ердің қаны шықпау үшін приказ орындалу керек», - деді тәртіп сақшыларымен болған кездесуде. 

видео сілтемесі

Қасым-Жомарт Тоқаев елдердің арасындағы сенім тапшылығы туралы айтты
«Самрұқ-Қазына» бюджетке 50 млрд теңге бағыттамақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу