Тараздағы алаңға «Нұрсұлтан Назарбаев» атауы берілді
Сурет sputniknews.kz сайтынан алынды
Жамбыл облысының әкімдігі мен облыстық мәслихат Тараз қаласындағы "Достық" алаңының атауын "Нұрсұлтан Назарбаев" деп өзгерту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Тиісті қаулы "Әділет" ашық ақпараттық-құқықтық актілер порталында жарияланды. Құжат мәтінінде заңнамаға сәйкес, өңір халқының пікірі ескеріле отырып және үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде жасалды.
"Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.