Шымкентте «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слеті өтті

Oinet.kz 01-10-2019 1024

Screenshot_2.jpg

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық білім басқармасымен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ассоциациясының қалалық слетін ұйымдастырды. 

Аталған іс-шараға Департамент басшысының орынбасары К.Қабылбеков, қалалық білім басқармасы өкілдері, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев, «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері, жас өнерпаздар - жалпы саны 1200 адам қатысты.

Шара барысында «Адал ұрпақ» ассоциациясына қабылдау салтанатты жиыны өтіп, клуб мүшелігіне 750 оқушы қабылданды. 

«Достық» музейінде «Мәңгілік елдің - адал  ұрпақтары» атты ассоциация белсенділерінің кезекті отырысы ұйымдастырылды. Фойеде Оқушылар сарайы үйірмешілерінің «Еліммен бірге жарқын болашаққа» балалар шығармашылығы сурет көрмесі қойылды.

«Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мен қалалық ассоциация мүшелерінің атқарған жұмысы бойынша есебі тыңдалып, «Адалдық бізге аманат» сахналандырылған қойылымы көрсетілді.  

Screenshot_3.jpg

Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің жұмысы бойынша П.Р.Абдразақова баяндама жасап, студенттердің «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» флеш-композициясы тамашаланды. Слетқа қатысушылар атынан барша республика жұртшылығына және «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелеріне Үндеу жарияланды. Шара соңында «Адал ұрпақ» әні орындалды.

Айта кетейік, «Адал Ұрпақ» мектеп клубы Шымкент қаласының барлық  мектептерінде ашылып, бүгінгі таңда 75 мыңнан астам мүшесі бар.


Ақан Сатаев «Томирис» фильмінің қазақша нұсқасын шыққанын хабарлады
Елімізде 10 қазанда жаңа мереке тойланбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу