Грузияда қарсыластарын жеңген қазақстандық футболистер тепкінің астында қалды
Грузияның астанасы Тбилисиде Қазақстан ұлттық құрамаларының американдық футболдан жолдастық матчы өтті. Дода Setanta Sports Georgia телеарнасының тікелей эфирінен көрсетілді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ойында 22:14 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Бірақ матчтың соңында Грузия құрамасының ойыншылары себепсізден себепсіз төбелес бастап, берекені қашырды. Сол үшін төрешілер алаң иелерінен 2 ұпайды шегерді. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы алаң иелерін 22:12 есебімен жеңді.
Матч соңында футболды өткізген мемлекет Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын да қоймады. Ал бұл ойынның барлық видео жазбасы кейін грузин сайттарынан алынып тасталды