Нұрсұлтан Назарбаев: «Елордамыз ешбір заманауи мегаполистерден қалыспайды»

Oinet.kz 24-09-2019 1157

Screenshot_5.jpg

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы Еуропа және Азия елдері парламент спикерлерінің VI отырысына қатысып, Қазақстан мен оның жетістіктері туралы әңгімелеп, елорданың құрылысын да еске алды деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Oinet.kz

«Ұлы даланың жүрегінде бар болғаны 20 жыл ішінде бүгінде парламент спикерлерінің кездесуі өтіп жатқан өзіміздің ғажап астанамызды құрдық.

Құрметті достар, бұл туралы айту маған жағымды әсер сыйлайды. Өйткені жаңа қала бой көтерген жерде тұрып мен жазық далаға көз тастап тұрғам, ал қазіргі таңда елордамыз тәуелсіз Қазақстанның айқын белгісіндей, ешбір заманауи мегаполистерден қалыспайды.

Халық саны бес есеге өсіп, тұрғындар миллионға жетіп қалды», - деді Назарбаев.

Фермерлік шаруашылықты қате қосымша кеден есептеулерінен қорғады
Нұр-Сұлтанда жол апатынан 22 адам жапа шекті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу