Аралда есірткі алқабы анықталды

Oinet.kz 13-09-2019 1081

339e40ce3474310be0d750e28cbfc5e8-slider.jpg

Арал ауданы, Жіңішкеқұм елді мекенінен 120 шақырым жерде өсіруге тыйым салынған өсімдіктер алқабы анықталды. Бұл туралы жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

6 азамат заңсыз есірткі егу барысында ұсталған. Қалғандары полиция қызметкерлеріне қарсы қару қолданып, қашқан. Ұстау барысында біреуі жараланып, ауруханаға жеткізілген. Екінші 36 жастағы күдікті ұсталған.

 «Бүгінгі таңда орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және 380-бабының 2-бөлігімен (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлерімен табельдік қару қолдану дерегіне құқықтық баға беру үшін полиция департаментімен қызметтік тергеу жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Нидерланды Елшілігінің ынтымақтастығы
Ақтөбеде 34 педагог жалған дипломмен жұмыс істеген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу