Ayree мен Димашты не байланыстырады?
29-01-2020
Ресейлік "Песни" жобасының финалисті Say Mo лақап атымен танылған әнші Тиматимен болған келіспеушіліктің мән-жайын түсіндіріп берді,деп хабарлады Gakku арнасындағы "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасаған Oinet.kz.
"Жобада қалған алты адамға да келісімшарт ұсынды. Менен басқасының бәрі келісіп, өз продюсерлік орталығына өтті. Біріншіден, олар ұсынған шарттар менің көңілімнен шықпады. Меніңше, мұны барлығы жақсы біледі. Маған қаржылық та, шығармашылық тұрғысы да ұнамады. Бастапқыда, мен ойландым. Тіпті, бәрі қалауымдағыдай болса, құрамға өтемін деп ойлағанмын.
Маған он жылға келісім шарт ұсынды. Мені ақша жағы аса қызықтырмайды. Себебі, шығармашылық қайнап жатса, неге жұмыс істемеске? Алайда, мен жұмыс барысында бір жайтты байқадым. Қазақ тілін қосуды ұсындым. Бұл менің ең қарапайым қалауым еді. Қазақшаны да қосқым келді. Бірақ, Тиматиге менің ойым ұнамады. Ол менің жазғаным халыққа өтпей қалатынын жеткізді.
Бір әннің мәтіні үшін келспей қалдық. Оған үндемей отырып алдым. Ақыры, менің айтқанымды да, олардың жазып берген мәтінін бірге қосамыз деп шештік.
Шын мәнінде, мен жобаға белгілі бір продюсерлік орталыққа кіру үшін барған жоқпын. Мен танылғым келді. Оған қоса, жоба жеңімпазы алты миллион рубль иегері атанады" , - деп қорытындылады Say Mo.