5-сынып оқушысы мектепке газ баллонын әкелген

Oinet.kz 06-09-2019 864

Картинки по запросу мектеп оқушылары газ баллоны

Нұрсұлтанда №54 мектепте абайсызда газ баллоны шашырап, салдарынан 9 бала ауруханаға түсті. Аталмыш мектепке 5-сынып оқушысы өзімен бірге ата-анасы берген газ баллонын алып келген, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Үзіліс кезінде газ баллоны сөмкесінен түсіп қалған көрінеді.  Оның қасында өтіп бара жатқан сыныптасы баллонды басып кетіп, газ баллоны шашырап кеткен

"Мектеп қызметкерлері дереу жедел жәрдем қызметін шақырды. Балалардың бәрі ауруханаға жеткізілді. Мамандар 9 баланы қарап тексеріп, медициналық көмек көрсетті. Олардың қастарында сынып жетекшісі бар. Балалардың ата-аналары болған жайт туралы хабардар. Балалардың жағдайы жақсарған соң, ата-аналары оларды үйіне алып кетеді", - деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.

Оқыс оқиғадан кейін мектептерде қауіпсіздік ережелері туралы сынып сағаты өткізілетін болады.Сонымен қатар, ата-аналарға тиісті кеңестер беріледі. 

Кейіннен белгілі болғандай, ата-аналар балаларын ауруханадан алып кеткен. Балалар ата-аналарының бақылауында болады


13 жасар оқушы сабақ үстінде көз жұмды
Қалыңдықтың қыз жолдасы динозаврдың киімін киген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу