Лотореядағы ұтысын отбасынан бір жыл жасырыпты

Oinet.kz 02-09-2019 883

EDGp9hsUYAEzS_Q.jpg

Канада тұрғыны өз әйелінен джекпот ұтып алғанын жасырып келген. Үш баланың әкесі өзінің мультимиллиардер екендігін жақын уақыта дейін жасырын ұстапты.

Бон Труонг отыз жыл бойы апта сайын бірдей сандық билетті сатып ала беріп, соңында осындай нәтижеге қол жеткізген. Ол 60 миллион долларды құрайтын ұтысын отбасына мәлімдеу үшін 10 ай уақыт күткен. 

Вьетнаман Канадаға 1970 жылы көшіп келген Труонг 2018 жылы 26 қазан күні Lotto Max лотореясының джекпот иегері атанды. Алайда сыйлығын енді ғана алған канадалық отбасына қазір мәлімдеп отыр.

«Мен телефоныма қарадым. Қатты қобалжып кеттім де, біраз сабама түскендей болып отырып, қайта қарап ұтысыма көзім жетті» ,- дейді ұтыс иесі.

Троунг ұтқан қомақты қаржысымен ипотекасын өтеп, отбасымен демалуға кетпек екендіктерін айтты.

9 жасар аяқсыз қыз Нью-Йорк сән апталығына қатысады
Токаев потребовал прекратить тратить средства Нацфонда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу