Әскердегі сарбаздардың несиесі 300 млн теңгеге дейін жеткен
Банктер мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаздардың несие төлемдерін кейінге қалдыру рәсімін дер кезінде орындамағандықтан әскери борышын өтеп жүрген азаматтардың жиынтық берешегі 300 млн теңгеге дейін жеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Қадағалау органы мерзімді қызметшілердің әскери міндетін атқару кезеңінде несиені кейінге шегеру құқығының сақталуын қамтамасыз еткенін мәлімдеді.
Бас әскери прокуратураның мәліметінше, әскерге шақырылған азаматтар жөніндегі деректермен алмасу барысында мемлекеттік органдар мен банк ұйымдары арасында тиісті үйлестірудің болмауы салдарынан төлемдерді уақытында шегеру фактілері анықталған.
Әскери прокурорлардың араласуынан кейін мерзімді қызметін өтеп келген сарбаздарға несиелерін кейінірек төлеу мүмкіндігі берілді.
Қадағалау актісі негізінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен бірлесіп, әскери қызметшілердің құқықтарын қатаң сақтау бағытында тиісті жұмыстар жүргізді.


