Павлодарда вейп дауымен қызметтен кеткен подполковник жұмысына қайта оралды
Павлодар облыстық полиция департаменті бұрынғы жергілікті полиция қызметінің бастығы сотқа жүгініп, өзін қызметіне қайта орналастыруды және бос жүрген уақыты үшін жалақы төлеуді талап етті, Oinet.kz тілшісі.

Экс-полицейдің ісін Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады. Сот мәліметінше, ол 2025 жылдың маусым айында қызметінен босатылған. Бұған дейін оның үйінде санкцияланбаған тінту жүргізіліп, жұбайына тиесілі 3 ноутбук пен ұялы телефон тәркіленген. Бұл әрекеттер вейптерге қатысты қылмыстық іс аясында жүргізілген. Полиция қызметкері вейптерді тарату мен сатуға қамқорлық жасады деген күдікке ілінген. Тергеудің басталуының өзі подполковникті қызметінен босатуға негіз болған. Ол ауруханада емделіп жатқан кезде жұмыстан шығарылғанын естіген. Алайда ҰҚК департаменті подполковниктің қылмыстық іске қатысы жоғын анықтаған.
Жұмысынан айырылып қалған полиция қызметкері өңірлік ПД-ға қарсы сотқа талап арыз беріп, өзін қызметіне қайта орналастыруды сұраған.
Сот жұмыстан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп тапты.
Сот оны жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына, бұрынғы лауазымына қайта орналастырып, алты айлық амалсыз бос жүрген уақыты үшін 4 683 546 теңге көлемінде жалақы төлеуді міндеттеді.


