Павлодарда үш жасар қыз абайсызда көзіне қайшы тығып алған

Oinet.kz 24-02-2026

Павлодарда үш жасар қыз абайсызда көзіне қайшы тығып алып, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Pavon.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_5.png

Дәрігерлер шұғыл микрохирургиялық операция жасап, баланың көзін және көру қабілетін сақтап қалды.  Сәбиге қасаң қабықтың тесіп өткен жарақаты, ішкі қабықтарының сыртқа шығуымен асқынған деп диагноз қойылған. Уақыт санаулы минуттарға ғана созылған.

Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, үш жасар қыз ауыр көз жарақатымен шұғыл жеткізілген. Абайсызда бала қайшыны тікелей көзіне тығып алған. Алғашында ата-анасы жарақаттың қаншалықты қауіпті екенін бірден аңғармаған. Алайда қызару, жас ағу және жарыққа қарай алмау белгілері күшейген соң, дереу медициналық көмекке жүгінген.

Баланың көзін сақтау үшін офтальмолог дәрігерлердің тұтас тобы жұмылдырылды. Мамандар қасаң қабықтағы жыртылуды тігіп, көздің бүтіндігін қалпына келтіру үшін күрделі микрохирургиялық ота жасады. 

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай операция техникалық тұрғыдан өте нәзік, мұқият әрі жоғары дәлдік пен тәжірибені, толық шоғырлануды қажет етеді. 

"Ота офтальмологтар тобының және анестезиология қызметінің бірлескен жұмысының арқасында сәтті өтті. Павлодар облыстық балалар ауруханасы мамандарының үйлесімді әрекетінің нәтижесінде дәрігерлер тек көзді ғана емес, баланың көру қабілетін де сақтап қала алды", – деді дәрігерлер.

Қазір сәби ауруханадан шығарылып, амбулаториялық бақылауға алынған. Дәрігерлердің ескертуінше, мұндай жарақаттардың көбі үй жағдайында, көбіне санаулы секунд ішінде болады. Сондықтан өткір заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау, кішкентайларды қараусыз қалдырмау және көз жарақатына күдік туған жағдайда бірден дәрігерге жүгіну аса маңызды.

БҚО-да қыз зорлау айыбымен ұсталған шенеунікті қайта босатып жіберген
«Өзара келісіммен болды»: Зорлау айыбы тағылған шенеунікке қатысты тың дерек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу