Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы Түлкібас ауданына облыстық ауылшаруашылығы басқармасы тарапынан 22 шағын сүт фермаларын ашу межеленген болса, бүгінгі таңда жоспар 127,3 пайызға орындалып, 29 бірлікті құрап отыр.
Шаруалардың айтуынша қазіргі таңда сүтке сұраныс өте жоғары. Себебі, шөбі құнарлы Түлкібас ауданының ірі қара малдарының сүті өте майлы болып келеді.
Бүгінгі таңда орта есеппен 5-15 сүт бағытындағы сиыры бар жанұялық сүт фермаларының иелері сүттің литірін 70-80 теңгеден «Майлыкент-сүт», «Футмастер» және басқа да сүт өндейтін цехтарға өткізіп, табыс табуда.