Павлодардағы пансионатта қызметкерлер қарттарды ұрып-соққан

Oinet.kz 13-02-2025 163

Павлодарда пансионат қызметкерлері қарттарды ұрып-соғып, қорлаған. Бұл жағдайды Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында анықтаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында азаптау фактілері ашылды. Пансионат қызметкерлері тұрақты түрде екі дәрменсіз қартты ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған. Жәбірленушілердің бірі 84 жаста екен. 

Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды. 

Лицензионные онлайн казино: плюсы и минусы игры в интернете
Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу