Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

Oinet.kz 13-02-2025 113

Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Ішімдік ішіп отырған екеуінің арасында жанжал туып, экс-күйеуі пышақ ала жүгірген. Ауыр жарақат алған әйел бірнеше сағаттан соң аурухана төсегінде көз жұмды.

Оқиға Щучье қаласында болған. Пышақталған 33 жастағы әйел Бурабай ауданы ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлер оны ажалдан аман қалып қала алмаған. Ащы судың кесірінен болған ұрыстың ақыры адам өлімімен аяқталды. Марқұмның соңында үш баласы қалғанымен, ол ата-ана құқығынан айрылған екен. Ал пышақ салған ер адам азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі көрінеді. Қазір ол қамауға алынып, тергеу басталды.

"Дау-дамай кезінде бұрын бірге тұрған адам әйелге пышақ салғаны анықталды. Соның салдарынан әйел қайтыс болды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ПД өкілі.

Павлодардағы пансионатта қызметкерлер қарттарды ұрып-соққан
Қызыл түске боялған Каспий Ақтау тұрғындарының үрейін ұшырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу