Лифттегі жағдай: Астанада жасөспірім 5 жасар баланы пышақтап тастады (ВИДЕО)

Oinet.kz 12-02-2025 268

Әлеуметтік желіде ер адамның кішкентай бүлдіршінді лифтіде пышақтаған жантүршігерлік видео таралды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

1000288705.jpg

Жантүршігерлік жағдай көпқабатты үйлердің біріндегі лифтіде орын алған.

Дәл қазір ауыр жарақат алған бүлдіршін ауруханада. Жағдайы ауыр. 

Қанды оқиғаның видеосы бақылау камераларына түсіп қалып, мессенджерлерге таралып кеткен. Полиция күдіктіні ізін суытпай ұстады. 

1000288706.jpg

Әзірге расталмаған ақпаратқа сәйкес бүлдіршінді жарақаттаған жасөспірімнің жасы 14-те. Психоневрологиялық есепте тұрады. Алдын-ала болжам бойынша баланы бақылауда ұстамағаны үшін ата-анасы да жауапқа тартылмақ.

«Ауруханаға жібермей қойған»: Күйеуі аяусыз соққыға жыққан үш балалы әйел қайтыс болды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу