«Ауруханаға жібермей қойған»: Күйеуі аяусыз соққыға жыққан үш балалы әйел қайтыс болды

Oinet.kz 11-02-2025 629

Өзбекстанда күйеуі әйелін ұрып-соғып, бірнеше күн бойы ауруханаға қаралуға жібермегендіктен, 27 жастағы Шахноза жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлады Oinet.kz тілшісі Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_8.jpg

Оқиға Самарқанд облысында болған. Марқұмның туыстарының сөзінше, 2025 жылдың 6 қаңтарында Шахнозаны күйеуі қатты ұрып-соққан. Әйел адам бірден құқық қорғау органдарына жүгінбеген, алдымен жергілікті махалладан көмек сұраған. Алайда махалла да, басқа жергілікті органдар да ешқандай шара қолданбаған.

Шахноза медициналық көмекке жүгіне алмай, үйде тағы бірнеше күн ауыр жағдайда жатқан. Тек 12 қаңтар күні анасы Ресейден оралғанда қызын ауруханаға апарған. Зорлық-зомбылықтың айқын белгілеріне қарамастан, ауруханада тиісті көмек дұрыс көрсетілмепті. 

Осы уақытта күйеуі ауруханаға келіп, әйелін видеоға түсіріп, оны ұрмағанын айтуды талап еткен. 1 ақпан күні Шахнозаның жағдайы күрт нашарлап, оны реанимация бөліміне ауыстырған. Алайда оны құтқару мүмкін болмады.

Үш бала анасыз қалды, ал ер адам бостандықта жүр. Марқұмның туыстары тергеу амалдары дұрыс жүргізілмей жатыр деп шағымданды.

Бір жарым жасар қыз батарейка жұтып көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кіналап отыр
Лифттегі жағдай: Астанада жасөспірім 5 жасар баланы пышақтап тастады (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу