«Ессіз радикал солшылдар»: Илон Маск «Азаттық Радиосы» мен «Америка дауысын» жабуға шақырды

Oinet.kz 10-02-2025 324

Америкалық миллиардер Илон Маск АҚШ қаржыландыратын "Азаттық Радиосы" мен "Америка дауысы" радиостанцияларын жабу керек екенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

АҚШ-тың мемлекеттік басқарудың тиімділігі жөніндегі департаментінің (DOGE) басшысы Илон Масктің айтуынша, қазір  "Азаттық Радиосы" мен "Америка дауысы" радиостанцияларын ешкім тыңдамайды. 

“Иә, оларды жабу керек. Оларды ешкім тыңдамайды. Еуропа енді еркін (бюрократияны айтпағанда). Олар жай ғана өз-өзімен сөйлесіп, америкалық салық төлеушілердің қорынан жылына 1 миллиард доллар ысырап етіп отырған ессіз радикал солшылдар”, – деп жазды Илон Маск әлеуметтік желіде. 

"Азаттық Радиосы" және "Америка дауысын" басқа да бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары сияқты, Америка Құрама Штаттарының үкіметі қаржыландырады және олар АҚШ-тың жаһандық БАҚ агенттігінің бақылауында.

«Тұлпар-Тальго» пойызындағы зорлау ісі
Қазақстандықтар бір жылда 304 миллиард теңге айыппұл төлеген - Не үшін?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу