«Тұлпар-Тальго» пойызындағы зорлау ісі

Oinet.kz 07-02-2025 575

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты 2018 жылы “Тұлпар-Тальго” пойызында зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдің талап арызын қанағаттандырды. Сот шешімі бойынша “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының еншілес ұйымы – “Жолаушылар тасымалы” АҚ жәбірленушіге 3 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Alash.kz порталына сілтеме жасап.

Screenshot_11.jpg

“Акционерлік қоғам “Жолаушылар тасымалы” жәбірленушінің пайдасына 3 млн теңге моральдық өтемақы және өкілдік қызметтеріне төленген 350 000 теңге сот шығындарын өтеуге міндеттелсін. Талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылсын”, – делінген сот шешімінде.

Оқиғаның хронологиясы

  • 2018 жылы жас әйел ғылыми конференциядан елордадан Ақтөбеге “Тальго” пойызымен қайтып келе жатқан еді.

  • Оның айтуынша, түнде жолсеріктер өздерінің кілттерімен купенің есігін ашып, кезек-кезек оны зорлаған.

  • Сот шешімі: Екі кінәлі де 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

  • 2024 жылдың маусымы: Сотталғандардың екеуі де бостандыққа шықты. Олардың бірі жазасын толық өтесе, екіншісі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

Орны толмас қаза: 17 бала тірідей жанып кетті
«Ессіз радикал солшылдар»: Илон Маск «Азаттық Радиосы» мен «Америка дауысын» жабуға шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу