Орны толмас қаза: 17 бала тірідей жанып кетті

Oinet.kz 07-02-2025 1463

Нигерияның солтүстік-батысында түн ортасында мектеп өртеніп, шырт ұйқыда жатқан 17 оқушы тірідей жанып кетті. Қайғылы оқиға Замфара штатының Каура Намода ауданында болған.Тағы денесін күйік шалған 20-ға жуық бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_10.jpg

Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Елдің төтенше жағдайлар агенттігі тергеуді бастады. Нигерия президенті Бола Тинубу қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтқан.

Өрт кезінде мектепте 100-ге жуық бала болған.

Халифа Абубакар, мұғалім:

- Түнгі 2-де қалың ұйқыда жатқанда есікті біреу қағып, «Өрт, өрт!» деп айқайлағынан шошып ояндым. Жалма-жан тұрып, далаға бірден атып шықтық. Мектептің төбесі отқа оранған екен. Адамдар іштегілерді құтқарып жатты.

Елордада Дархан Қыдырәлінің «Тасқа жазылған тарих» атты кітабының тұсаукесері өтті
«Тұлпар-Тальго» пойызындағы зорлау ісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу