«Бауыздап өлтіріп, етін мүшелеген»: Атбасарда көшедегі итті сойып, етін жемек болғандар ұсталды
Ақмола облысында көшедегі итті сойып, етін жемек болғандар анықталды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ІІМ-не сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 7 сәуірінде Атбасар қаласында учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сою дерегін анықтаған. Түнде екі адам көшеде иесіз жүрген итті байқап, оны тамаққа пайдаланбақ болған.
"Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін олар жануарды бауыздап өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен, ал қалған бөліктері оқиға орнында қалған", - делінген хабарламада.