Нурлан Килишбеков: Ауылдарға газ тартуды қолға алу керек

Oinet.kz 14-03-2023 624


Screenshot_6.jpg

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Түркістан облысының № 26 округі бойынша депутаттық кандидат Килишбеков Нурлан Перналиевич сайлаушыларға өз бағдарламасын таныстырды. 

- Құрметті сайлаушылар!

Біздің басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстан құру арқылы мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде қызмет етіп шешуге бағытталатын болады. 

Ең бірінші кезекте Кентау қаласын және Сайрам, Созақ, Бәйдібек аудандарын толық газдандыруға жәрдемдесуді қолға аламын. Ауылдарды газдандыру өте өзекті мәселе. Көптеген ауылдарға газ жетпей, халық көптеген қиындықтарды бастан кешіп отыр. Халыққа газ тартып беруді негізгі назарға алу керек. Әйтпесе халық отын шауып, мал қиымен үй жылытуға, тамақ істеуге мәжбүр. Әсіресе қыстың күндері үйінде жас баласы бар отбасыларға өте қиын. Қазіргі XXI ғасырда бұл өте ұят десек болады. Республика көлемінде осы мәселені көтеріп, тиісті жерлерге жетуін қадағалау керек. Түркістан облысындағы Сайрам, Созақ, Бәйдібек аудандарының мәселелерін жылдам шешуге бар күш-жігерді саламын.   

Мен бағдарламамдағы барлық проблемалардың шешімін одан әрі іске асыра отырып дамыту жоспарын әзірлеуді жөн көріп отырмын.

Өз елінің нағыз патриоты ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне "нөлдік" төзімділік атмосферасын құруға және оның Қазақстандағы деңгейін төмендетуге, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға ұмтылатын боламын, - дейді Нурлан Килишбеков.

Килишбеков Нурлан Перналиевич 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Ақсукент ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі – жоғары. 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «география пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2020 жылы Халықаралық гуманитарлық техникалық университетін «Музыкалы білім» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында «Сайрам Ақшам» телеарнасында журналист ретінде бастап, «Атаба» ЖШС-нің менеджері, Гуманитарлық педагогикалық колледжінде оқытушы ретінде қызмет атқарған.

2015 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде маман бағдарлама әзірлеуші болып еңбек етуде.

Нурлан Перналиевич, жоғары ұйымдастырушылық қасиетке ие. Өзін айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Мәдениет саласының үздігі. Танымал жүргізуші (асаба, салтанатты іс-шараларды жүргізеді, мәдени шараларда ән айтады). Мәдениет саласының дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Өте сыпайы, тәрбиелі азамат ретінде көпшілікке танылған..

Елеулі еңбектері еленіп, «Сайрам ауданына 90 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталған, облыстық «Арай» мәдени іс-шара жүргізіушілер байқауының лауреаты.

Жарияланым ақысы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына Түркістан облысының № 26 сайлау округінен үміткер кандидат Нурлан Килишбековтың тапсырыс бойынша аумақтық сайлау комиссиямен республикалық бюджет қаржысы есебінен төленді

Қайрат Ералиев: Мемлекет имиджін арттыруда спорттың қосар үлесі зор
Одна из основных задач «Amanat» - поддержка молодежи
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу