Қайрат Ералиев: Мемлекет имиджін арттыруда спорттың қосар үлесі зор
Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Қайрат Ералиев сайлауалды бағдарламасында спорт саласына тоқталып өтті. Ол бұл бағдарламада спорт саласындағы жемқорлықты жою және болашақ спортшыларды дайындау керектігін айтып өтті.
- Спорттың елдің имиджін арттыруда қосар үлесі зор. Қазақстанды да әлемге танытатын спортшылар шығу үшін балалармен кішкентайынан бастап өскенше тынымсыз жұмыс істеу керек. Балалар академиясын дамытып, ауылдардан таланттарды іріктеу. Оларға жайлы жағдай жасап, өздерін дамушы ортада көріп, үздіксіз даму үрдісінде болу керек.
Яғни спортты дамыту жүйелі түрде жүру керек. Осы жүйені қалыптастырып, оны назарда ұстап отыруға бар күш-жігерімді салатын боламын.
Елімізде жетістікке жете алмаған спортшылар қоғамнан жырақтап қалып жатады. Мансабы аяқталған немесе мансабы дұрыс қалыптаспаған спортшыларға жұмыс орындарын тауып беру. Олар өздерін қоғамға керек екенін сезіне білу керек.
Жастарды спортқа қызықтыру арқылы оларды қылмыстан арашалап қаламыз. Қылмысты көбіне энергиясы бойына сыймай жүрген жастар жасайтыны белгілі. Біз жастарға салауаттты өмір салтын насихаттап, оларды түрлі бұзақылық секілді лас іс-әрекеттерден жирендіреміз, - деп түсіндірді Қайрат Ералиев.
Жарияланым ақысы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына Түркістан облысының № 26 сайлау округінен үміткер кандидат Қайрат Ералиевтің тапсырыс бойынша аумақтық сайлау комиссиямен республикалық бюджет қаржысы есебінен төленді