Қайрат Ералиев: Спорт саласындағы жемқорлықты жою басты назарда
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Түркістан облысының № 26 округі бойынша кандидат Қайрат Ералиев сайлаушыларына БАҚ беттерінде өз бағдарламасын таныстырды. Кандидат өз бағдарламасында спорт саласына ерекше тоқталып өтті. "Спорт саласындағы жемқорлықты жою, бөлініп жатқан қаржылардың жұмсалуына қатаң бақылау орнатуға ықпал ету" пункті бойынша нақты қандай жұмыстар атқару керектігін түсіндіріп өтті.
- Дені саудың – жаны сау. Дені мен жаны сау жас керек болса тау қопарады. Осыған байланысты мен жастарға денсаулығын нығайту мақсатында жұмыс істеу керек. Барлық жерде балалар ойын алаңшаларын салып, жас балаларға спортпен айналысуға мүмкіндік жасау басты міндет. Кішкентайынан ойын алаңшасында жаттығып өскен бала спортқа қызығушылы оянып, салауатты өмір салтын ұстанады. Балалар бос уақыттарын тиімді пайдалану керек.
Спорт секцияларын тегін қылу. Яғни спортпен айналысу тегін болғаны жөн. Онсыз да қымбатышылық қысып жатқан тұста спортты ақылы етудің қажеті жоқ. Елімізде жекеменшік спорт мектептерін көбейтіп, оны балалармен толтыру керек. Өзіне көп бала тартқан спорт мектебіне мемлекет тарапынан субсидия берілуін қамтамасыз етуді басты назарға аламын, - дейді Қайрат Ералиев.
Қайрат Ералиев әуесқой бокстан ерлер арасындағы 2017 жылғы әлем чемпионы. Азия ойындарының және Азия чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Қазақстан чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы. ҚР еңбегі сінген спорт шебері. Спортшылар арасында кәсіби беделі жоғары. Еліміздегі спорт саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан.
Елеулі еңбектері еленіп, спорт саласы бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ҚР мәдениет және спорт министірлігінің 2022 жылдың қортындысы бойынша «Үздік спорт нұсқаушы» номинациясының жеңімпазы.
Жарияланым ақысы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына Түркістан облысының № 26 сайлау округінен үміткер кандидат Қайрат Ералиевтің тапсырыс бойынша аумақтық сайлау комиссиямен республикалық бюджет қаржысы есебінен төленді